Мұрат Әбенов жемқорлыққа қарсы күресте Грузия тәжірибесін айтып берді

Мұрат Әбенов жемқорлыққа қарсы күресте Грузия тәжірибесін айтып берді Ақмола облысында жемқорлықпен күрес тақырыбына арналған форум өтті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.
«Достар» мәдениет сарайында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Н.Нұркенов, қоғам қайраткері Мұрат Əбенов жəне "Бірінші жемқорлыққа қарсы Медиа орталық" республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Форумда сөз сөйлеген Мұрат Əбенов Грузия елінің жемқорлықпен күресудегі тәжірибесімен бөлісті. "Грузияда бірнеше жылдан бері Парламенттің күнтəртібінде қаралатын заң жобасына қоғамдық мониторинг жүргізіп отыратын арнайы мемлекеттік орган жұмыс істейді. Министрліктер мен қоғам өкілдері азаматтармен кездесіп, заң жобасын талқылап отырады", - деді ол.
Ал, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Нұркенов өңірде 2015-2020 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асырудың басты бағыттары туралы айтып берді. Оның сөзінше, өңірде жемқорлық құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесу бағытында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Оған қоса, бизнес жəне тұрғындармен жұмыс жүргізуде жемқорлыққа жол ашатын əкімшілік кедергілерді азайту да қолға алынған.
Сонымен қатар, "Бірінші жемқорлыққа қарсы Медиа орталық" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Байғұлов жəне "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов те өз ойларымен бөлісті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 наурыз 2017 г. 594 0