ARNAU әлемдік турнесі: Димаш Киевте қойған концертін онлайн көрсетеді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 11 наурыз күні Киевте «ARNAU» әлемдік турнесінің аясында өткен концертінің жазбасын көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.
 «Армысыздар, менің құрметті тыңдармандарым! 26 сәуірде, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де менің YouTube каналымда уәде еткенімдей «ARNAU» әлемдік турне аясында Киев қаласында өткен концертімнің видеосы жария етіледі. Қазіргі карантин кезеңінде өздеріңізге көтеріңкі көңіл-күй тарту еткім келеді. Уақытты керемет өткізесіздер деп сенемін!» - деп жазды Димаш. Е
ске сала кетейік, Димаш Құдайберген коронавируспен күреске арнап ән жазған (клиптің қазақстандық нұсқасы шықты). Пандемия салдарынан әнші әлемдік турнесін өткізе алмады. Ол Нұр-Сұлтанда үйде қалай уақыт өткізетінін көрсетіп, өнерін сүюші барша жұртты үйде болуға шақырды.


Мәдениет 26 сәуір 2020 г. 504 0