Күйші кеші

Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің ұстазы, күйші, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концертмейстері Әлімжан ­Әбсадықовтың «Домбыра дәурен» атты шығармашылық кеші өтті. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен шараға сала майталмандары мен өнерсүйер қауым қатысты.

Облыстық филармонияның ұйымдастыруымен өткен өнер кешінде Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Айдос Иманжаппаров, Гүлназ Нағашыбай, Бисенбек Төлеу­баев, Абылайхан Сқақов, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық оркестрінің артисі, республикалық конкурстардың лауреаты Нұргүл Бақытбек, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенті, республикалық конкурстардың лауреаты  Нұрғали Әшімхан, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері Батырбек Байназаров  тәрізді республикамыздың әр өңірінен келген талант иелері қатысып, өнер көрсетті.

Шығармашылық ­кеште орын­далған туындыларға «Құр­мет» орденінің иегері Кеу­­лімжай Ботабаев дирижерлық етті.

«СБ» ақпарат.

Мәдениет 29 желтоксан 2019 г. 601 0