Ел атын асқақтатқан біздің таланттар

Сыр елінің өнерлі жастары қаншама халықаралық байқау, фестивальдарға қатысып, ел атын асқақтатып, барған жерінен бәйге алып оралып жүр.

Біз бүгін өңіріміздің әні мен сәнін келтіріп жүрген филармония өнерпаздарының биылғы жетіс­тіктерін тізбелеп өтпекшіміз:

А.Иманжаппаров – 1-4 наурыз күндері Алматы қаласында өткен К.Байсейітова атындағы ІХ  республикалық вокалистер конкурсынан ІІ орын иемденді.

А.Сқақов – 27-28 сәуір күндері Атырау қаласында өткен «Саз пернелі Сарайшық» атты халықаралық домбырашылар фестивалінде жүлделі 1-ші,  Жезқазған қаласының 65 жылдығы, Кетбұға жырау атындағы «Ақсақ құлан» халықаралық күйшілер байқауында ІІІ орын иеленді.

Б.Төлеубаев – Жамбыл облысында өткен халық ақыны К.Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» атты республикалық әншілер конкурсынан және Атырау қаласында өткен «Əн-дария» атты республикалық дəстүрлі орындаушылардың байқауында ІІ орынды иеленді.

Р.Балмасов – 23-25 сәуір күндері Ақтау қаласында өткен Б.Рзаханов атындағы «Сиқырлы таяқша» атты рес­публикалық дирижерлар байқа­уында ІІІ орынды иемденді.

«Ақмешіт» фолкьлорлық ансамблі –  26-30 сәуір аралы­ғында Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және Ғ.Жұбанова атындағы облыстық  филар­мо­нияның 75 жылдығына орай өткен «Jubanovtar áýenі» халықаралық ұлт аспап­­тар оркестрлері және ансамбль­дердің фестиваль-байқауынан бас жүлде иемденді.

Камералық оркестр  – 23-24 қыркүйек күні Алматы қаласында өткен «ӘУЕН FEST» қазақ камералық музыка фестивалінде ІІІ орын иеленді.

Раджапов Олимджан – 28 қазан-4 қараша аралығында Бі­ріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен ІІІ ха­лықаралық «Jumeirah Sounds» кон­курсында ІІ орын алды.

Туған жердің туын жоғары ұстап, қазақ өнерінің алауын алысқа жеткізген барша жерлесімізге шығармашылық шабыт, отбасылық бақыт ті­лейміз.

Ғазиза Әбілда.

Мәдениет 09 желтоксан 2019 г. 1 290 0