Жастар театрының жаңа қойылымы

 А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде жастар жылына орай, Жастар театрының сахналануындағы С.Балғабаевтың “Қызылорданың қыздары” атты қойылымның тұсаукесері өтті. Оқиға желісі жеңіл сюжетпен күрделене түседі.

Оқиға ЭКСПО қалашығында ұйымдастырылған “Өңірлік өнер фестивалінде” танысқан Қарағандылық жігіт Мәди мен Қызылорданың қызы Жанайымның бірін-бірі ұнатуынан басталады. Кейін араға бір жыл салып Мәди өзінің досы Айдынды ертіп, Қызылордаға Жанайымды алып кетуге келеді. Алайда, Жанайым Мәдиге ренішін білдіріп, бірге кетуге келіспейді. Қарағандының жігіттері сонша жерден ат терлете келген соң, қалайда қызды алып қашамыз деп шешім қабылдайды. Бірақ Жанайымның әріптестері жігіттердің қандай ойда екенін біліп, театрлық қойылым қояды. Қазақ тілін жақсы меңгерген орыс қызы Мария мен кәріс қызы Алина, жігіттерді таң қалдырады. Осылайша Мәдидің досы Айдын Марияға ғашық болып, екеуі қосылуға сөз байласады.

Мұндағы қойылым авторының басты мақсаты - Қызылорда халқының өнерді, мәдениетті, ұлттық тіл мәртебесін жоғары бағалайтындығын көрсету.

Мәдениет 11 қазан 2019 г. 887 0