Лувр - әлем бойынша адамдар ең көп баратын музей

2018 жылы Луврға 10 миллионнан астам адам барған, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі музейдің сайтына сілтеме жасап.
Музейді 10,2 млн адам тамашалаған, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 25% көп. Онда барушылардың басым көпшілігін АҚШ, Қытай, Бразилия және Еуроодақ елдерінің азаматтары құрап отыр. Осыған дейінгі рекорд 6 жыл бұрын тіркелген. 2012 жылы музейге 9,7 млн адам барған. Айта кететін мәселе, Луврға келушілер санының өсуі Абу-Даби филиалының ашылуымен және музейдің залдарында Beyonce пен Jay-Z-дың клиптерінің түсірілуімен байланысты болуы мүмкін.


Мәдениет 04 қаңтар 2019 г. 2 287 0