« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада заманауи Қазақстан суретшілері иллюстрациялаған каталогтың тұсаукесері болып өтті, - деп хабарлайды BNews.kz.
Кітапқа "Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстан мәдениеті" жобасының аясында іріктелген 60 автор мен 180 туынды енді. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қолға алынған "Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстан мәдениеті" кітабы жобасы отандық суретшілердің жұмысымен танысып қана қоймай, олардың еңбегін әлемдік деңгейде насихаттауға мүмкіндік береді.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері жөніндегі департамент директоры Әбіл Жоламанов қазіргі заманның үздік суретшілерін жинаған каталогты таныстырып, бұл жобаға шығармашылық қауымның қызығушылығы зор екендігін атап өтті.
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры, философия ғылымдарының докторы Хазбулатов Андрей жинаққа енген туындылар халықаралық және республикалық деңгейдегі сарапшы мамандардың бағалауымен іріктеліп алынғанын айтты.
"Жинаққа енген туындылар халықаралық және республикалық деңгейдегі сарапшы мамандардың бағалауымен іріктеліп, таңдалған. Бастапқыда сарапшыларға 254 автордың 500-ден аса жұмысы ұсынылған. Солардың ішінде оза шапқан үздік 180 туынды кітапқа енгізілген", - деді Хазбулатов Андрей.
Мерекелік шараға қатысқан ЮНЕСКО клубтарының Қазақ Ұлттық Федерациясының вице-президенті Серкан Аязбаев қазақ өнерін танығысы келетіндерге аталған еңбек тамаша әдістеме болады деп сенім білдірді.
"Бұл заманауи Қазақстан өнерін танимын деушілерге тамаша әдістеме болатындығына сенімдімін. Дала рухын тану үшін оның тілін білуден гөрі, мәдениеті мен адамдарының ішкі жан-дүниесін ұғу қажет", - деп атап өтті.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |