Nomad Stunts командасының өкілі қазақстандық танымал каскадер Қасым Жұмағожин қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оның дүниеден озғаны туралы 3 қарашада белгілі болды. Каскадерлар командасының менеджері Евгения Лидің айтуынша, 34 жастағы жігіттің неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. – Біз үшін бұл тосын жай болды. Бүгін таңертең жайсыз хабар естідік. Бірінші кезекте Қасымның жақындарына көңіл айтамыз. Ертең оның командадағы серіктестері отбасына барып, қажетті көмек көрсететін болады, - деді Евгения Ли. Қасым Жұмағожин қазақстандық, ресейлік және голливудтық фильмдерде ойнаған. Еңбең жолын 2005 жылы «Көшпенділер» фильмінен бастаған. Сол жылы ол Тимур Бекмамбетовтың «Дневной дозор» фильміне түскен.