Самал Еслямова басты рөлде ойнаған «Айка» фильмі көрсетіледі

Жуырда I Халықаралық Almaty Film Festival аясында Канн кинофестивалінің жүлдесіне ие болған «Айка» фильмі көрсетіледі.

«Туындының режиссері Сергей Дворцевой Канн кинофестивалінде фильмнің жұмыс нұсқасын көрсетті. Бұл — фестивальдық фильм, сондықтан көрермен мұндай ерекше дүниені көруге дайын болуы керек. Әдеттегідей, попкорн ұстап, көңіл көтеретін фильм емес. Кино Мәскеуде тұратын қырғыз мигранттарының өмірі туралы. Фильм қоғамдағы мигранттарға деген көзқарасты өзгерту үшін, олардың өмірі туралы ойлану үшін жасалған» — дейді фильм продюсері Гүлнар Сәрсенова.

Мәдениет 04 қыркүйек 2018 г. 1 284 0