Эстрада жұлдыздары Амфитеатр сахнасында өнер көрсетеді

Эстрада жұлдыздары Амфитеатр сахнасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астананың 20 жылдығына орай 7 шілдеде жас көрермендерді "Сәлем, Астана!" концерті қуантады. Сонымен қатар, бүгін, 7 шілдеде кешкісін су үстіндегі бірегей сахна, ашық аспан астында орналасқан Амфитеатрда осы жаздың ең айшықты open-air-концерті - ASTANA FM ON AIR музыкалық фестивалі өтеді.
"Келген қонақтарды Astana FM және Qazaq Radio эфирінде хит әндері шырқалатын еліміздің топ артистерінің өнері күтіп тұр. Олардың арасында Маржан Арапбаева, Дос, Адам, Гүлнұр Оразымбетова, ағайынды Жүгінісовтер, Шахризат Сейдахмет, "Дара" тобы, "Амади" және тағы да басқалар бар", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 8 шілдеде кешке осы Амфитеатрда "Кеш жарық, Астана!" атты бағдарламамен қазақстандық артистер концерт қояды.
Мәдениет 07 шілде 2018 г. 1 764 0