Димаш Құдайбергеннің алғашқы бейнебаяны жарыққа шықты

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің алғашқы бейнебаяны жарыққа шықты. Бейнебаян "Screaming" әніне түсірілген. Видеоклип 23 мамырда әншінің YouTube хостингіндегі арнасында жарияланды. "Screaming" деген əнімнің бейнебаяны көңілдеріңізден шығады деген үміттемін", - деп жазған Димаш Құдайберген видеосының сипаттамасына.
Клип бір тәулікке жетпей 10 000-нан аса көрілім жинаған. Желі қолданушылары әншіні алғашқы бейнебаянымен құттықтап жатыр. "Screaming" әнінің шығатыны туралы бірер күн бұрын instagram парақшасында Димаштың өзі жазған болатын. - Екі күннен кейін ағылшын тіліндегі əнге түсірілген бейнебаяным көрерменге жол тартпақ. Əннің композиторы Muhgal осы күнге дейін Rihanna, Usher, Cherul Fermandes - Versini, Shakira, Ne-Yo, Avisi сынды əншілерге əндер жазған. Сонымен, жақында ғана жарық көрген "Screaming" деген əнімнің бейнебаяны көңілдеріңізден шығады деген үміттемін, - деп хабарлаған еді. Айта кетейік, Димаш Құдайберген бүгін 24 жасқа толды.
Мәдениет 26 мамыр 2018 г. 859 0