Сочиге жолдама алды

 Қалалық мәдениет үйінің жанынан құралған вокалдық «Сыр сандуғаштары» тобының мүшесі Ернар Мақсатұлы Сочи қаласында өтетін «Черноморсий олимп» халықаралық байқау фестиваліне жолдама алды.

Өнерлі өрен бұған дейін «Бақытты елдің ұрпағы» қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Дала сазы» байқауында бас жүлдені, «Әсем әнім» конкурсында гран приді, халықаралық «Сайра, бұлбұлым» фестивалінде ІІ орынды жеңіп алған болатын. 12 жасар өнерпаздың жетекшісі  – Бағдагүл Есмұрзаева. Бүгінде қалалық мәдениет үйінде ұстаздық ететін Б.Есмұрзаеваның қызылордалық жастардың өнерде шыңдалып, халықаралық сайыстарда даралуына қосқан үлесі зор.

Мәдениет 12 наурыз 2018 г. 3 596 0