Кішкентай өнерпаздардың үлкен жеңісі

 Жуырда Алматы қаласында «Өнерлі өркениет»  республикалық балалар байқауы өтті. Дәстүрлі ән мен күйді дәріптеп, бүлдіршіндердің шығармашылығын шыңдауды мақсат еткен сайысқа Қазалы аудандық оқушылар үйінің «Жеке ән» үйірмесінен бірнеше өнерпаз оқушылар да қатысты.

Сайыс барысында ерекше дауысымен ерекшеленіп, талантымен топ жарғандардың қатарынан жерлесіміз Жансая Сағырбек табылды. Бас жүлдені еншілеп, арнайы сыйлықты иемденді. Ақниет Кәрім, Жаннұр Ағыбай, Балнұр Орынбай да байқау лауреаттары атанды. Ел мерейін тасытқан өнерлі балалардың болашақта жұлдыздары жана берсін демекпіз.

Мәдениет 27 ақпан 2018 г. 2 565 0