Үстіміздегі жылдың 2-11 наурыз күндері аралығында филармония директорының орынбасары Азиза Издикулованың басшылығымен филармония өнер ұжымы Ресей Федерациясының Орынбор қаласындағы қандастарымызға «Наурыз - танец весны» мерекелік концертін тарту етпек.
Гастрольдік сапармен бірнеше аудандарында болатын ұжым құрамында «Томирис» би ансамблі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Гүлфира Әлиханова, Гаухар Бисекенова, Ринат Үсенов, Бекзат Молдабергенов және жырау Марат Сүгірбайлар өнер көрсетеді.