«Жанарым-ай» әнімен танылған сырбойылық жас әнші Бекзат Молдабергенов жуырда облыстың ең белсенді жастарына тағайындалатын «Сыр үміті» сыйлығымен марапатталды. Бұған дейін де түр¬лі байқаулардың жеңіс төрінен көрінген әншімен өнер жолындағы өзіндік бағыты, жаңашылдығы мен бола¬шаққа деген мақсат-жоспарлары төңірегінде әңгіме өрбіткен едік.
Бекзат МОЛДАБЕРГЕНОВ,
әнші, «Сыр үміті» сыйлығының иегері:
– Бекзат, жуырда «Сыр үміті» сыйлығын облыс әкімінің қолынан алдыңыз. Бұл жетістік сіз үшін қаншалықты қымбат?
– Әрбір жетістік өзінше қымбат. Дегенмен, бұл сыйлықтың орны мен үшін ерек болды. Облыс әкімі өз қолымен табыстайды дегенде қобалжығаным рас. Сыйлықты аларда да «осы сыйлыққа лайықпын ба, қаншалықты лайықтымын?» деген сұрақтар маза бермеді. Жоғарыда айтып өткендей, мен үшін әр жеңісім бағалы. Осы кезге дейін республикалық, халықаралық байқауларда (Украинада) өнер көр¬сетіп, жүлделі болған болатынмын. Үздік 30 жас¬тың қатарына енгенім сол жетістіктерімнің бағаланғаны деп есептеймін.
– Жас әнші болғаныңызға қарамастан, тың¬¬дар¬манды жеке ән кешіңізбен қуантып ү묬гір¬¬діңіз. Халық алғашқы концертті қалай қа¬былдады, қандай деңгейде өтті деген ойдасыз?
– Концерт жақындаған сайын бойымда кішкене қорқыныш болды. Жатсам да, тұрсам да ойыма «халық қалай қабылдар екен?» деген ой орала берді. Бірақ кештің бағасын халық берді. Көрерменнің жылы қабылдап, ыстық лебізін білдіргеніне іштей ризамын.
– Киелі сахна мен құдіретті өнер туралы түсінігіңіз...
– Сахна шынында да киелі. Киелі сахна төріне шығу үшін дауыс ырғағында сұлу нақыш, келісті көркемдік болу керек. Сахнада өнер көрсету еріккеннің ермегі емес, кез келген адам сахнаға шықпасы анық. Тек шын талант иесі, дарынды жан ғана құдіретті өнерімен тыңдарманның жүрегін жаулай алады.
– Жалпы, кешті ұйымдастыру ісімен, стиліңізбен кім айналысады?
– Стиліме қатысты мәселелерді арнайы маман¬дар¬мен, өнердегі достарыммен ақылдасамын. Про¬дюсерге келе¬тін болсақ, мен бір кездері белгілі продюсер Мира Келім¬бетова¬мен жұмыс істедім, ал¬дағы уақытта биік белестерді бағындыратыныма, өзге де танымал продюсерлермен жұмыс жасай¬тыныма сенімдімін. Қазір облыстық филармонияда әнші қызметін атқарамын.
– Қандай мақсат, жоспарларыңыз бар?
– Басты мақсатым – өнер әлеміне өзгеше өрнек салып, тыңдармандарымды жаңа әндеріммен қуанту. Бейнебаян түсіру де жоспарымда бар.
– Өнер әлемінде «Әннің бағын әнші ашады, әншінің бағын ән ашады» деген сөз бар. Ән¬деріңізді халық жақсы біледі. Дегенмен, бойтұмарыңыз қайсы?
– Халық мені «Жанарым-ай» әнімен таныды десем, қателеспеймін. Одан кейін Алмат Сақатов¬тың сөзіне жазылған Ермек Елгезековтың «Қыздар-ай» әнін сахнаға алып шықтым. Елу екі қыздың есімі аталатын туынды ел арасына тез тарап кетті. Бұл әнге сын да көп айтылды, сол жағдайдан кейін алдағы уақытта әннің сөзіне мұқият болу керектігін түсіндім.
– Айтулы мереке – Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын ел болып тойлаудамыз. Тәуелсіздік құрдасы ретінде оқырманға ізгі тілегіңізді жол¬дасаңыз.
– Күрделі де қиын жылдарды еңсерген еліміз ширек ғасыр ішінде еңсесін тіктеді. Елбасымыздың байыпты саясатының арқасында туған жерімізде татулық пен келісім билік құрды. Жастарға арналған мүмкіндіктер көкжиегі кеңейді. Қалаған жерде білім алуға жағдай жасалып, замандастарым үшін танымал шетелдік университеттер қолжетімді бола бастады. Менің 25 жылдағы басты жетістіктерім де елімнің мерейлі белесімен астасады. Сондықтан да тәуелсіздік құрдасы болу мен үшін үлкен абырой. Барша қазақстандықтарды төл мерекемен құттықтай отырып, тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген тілегімді жеткіземін.
Сұхбаттасқан
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.