Соңғы жылдары ауылдағы ағайынның еңсесі көтеріле түскені баршаға белгілі. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі жеңілдіктер дала перзенттерінің кәсібін өркендетуіне айтарлықтай септігін тигізуде. Соның бірі – Берік Сұлтанбеков басшылық жасайтын «Айзат» шаруа қожалығы.
Майдакөл ауылының аумағында, Арал теңізі беткейінде орналасқан шаруа қожалығы өзінің жұмысын мұнан біршама уақыт бұрын бастаған бо¬латын. Алғашқыда «Ауыл шаруа¬шылығын қар¬жылай қолдау» қоры¬нан төрт миллион теңге несие алған кәсіпкер азамат шаруасын дөңгелентіп әкетті. Мүйізді ірі қара, қой, ешкі, жылқы өсіретін шаруа қожалығы егін егу¬мен де айналысады. Мал басы төлі есебінен көбейген жеке иеліктің тұрмыс-тіршілігі ойдағыдай. Бү¬¬гін¬гі таңда мал қыстату науқанына қызу кірісіп кеткен олар жауапты кезеңнен сыр бермей шығуды мақсат тұту¬да. Қытымыр қыстың қамын жай¬дары жазда күйттеген берекелі әулет бұл тұрғыда ба¬рын¬ша ыждағаттылық танытуда.
Ағымдағы жылы шаруа қожалығына БҰҰ даму бағдарламасының пилоттық жобасы аясында құны 7,5 млн теңгені құрайтын күн және жел арқылы қуат көзін өндіретін құрылғы және тәулігіне 150 литр су тұщытатын қондырғы, бұған қоса халықаралық «Арал¬ды құтқару қоры» қаржысына шахталық құдық орнатылып берілді. Бұған дейін шалғайдағы учаскенің суы тұзды, кермек болғандықтан ауыз су жайы өзекті болып келген еді. Енді тығырықтан шығар жол табылды. Оған қоса түнемелікте май шаммен отыратын күндер де артта қалды.
– Иен далада жарық жанып, ауыз су мәселесі шешімін тапты. Күн¬делікті тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын пайдаланып отырмыз. Бұл – ел Тәуелсіздігінің арқасы, – дейді іскер жандар.
Ақ көрпесін жамылған дала маңғаздана керіліп жатыр. Бір қарағанда, қырат-төбе көм¬керген кейпі тым бұйығы, момақан тә¬різді кө¬рінеді. Алайда, бұл – а묬дамшы сезім. Шынайы үңіл¬¬¬сеңіз, мұндағы тіршілік атау¬¬лы отыны мол жағылған қа¬зандай қайнап жатқанын байқайсыз. Сүйсіне түсіп, ең¬бектің наны тәтті екенін мо¬йындауға тура келеді.
...Жарығы жанып, құдығы қазылған үйде үміттер ұшқындайды.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.