Жазасын өтеп келгендер жұмыспен қамтылады

Жауапкершіліктен босаған азаматтарды қалыпты азаматтық ортаға бейімдеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Өйткені, қоғам үшін сол адамдардың келешекте қылмысқа қайта оралмауы маңызды.
Жазасын өтеп, бостандыққа шыққан азаматтар мемлекеттің қолдауына зәру екені рас. Осыған орай, қала әкімінің №5261 қаулысына сәйкес облыс орталығында жазасын өтеп шыққан азаматтарға арналған «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығы» ашылып, ол шілде айынан бастап жұмыс жасап жатыр. Орталықтың мақсаты – құқықтық, әлеуметтік, психологиялық тұрғыда көмек көрсету, жұмысқа орналастыруға, кәсіптік мамандық игеруге қайта даярлаудан өтуге ықпал жасау.
Расымен де бостандыққа шыққандардың қалыпты өмірге үйреніп кетуі оңай емес. Темір тордың арғы жағынан шыққан соң көбісінің барар жері болмайды. «Қылмыс жасады» деп тіпті өз бауырлары, туған-туысқандары теріс айналып жатады. Олардың көбісі түрмеден соң өздерін ешкім құшақ жайып қарсы алмайтынын айтады. Сондықтан олар өздерін қоғамның тастандысы ретінде сезініп, психологиялық күйзеліске түсіп жатады. Өмірге бейімделе алмағандықтан тағы да қылмысқа баруы мүмкін. 
Ашығын айтқанда, жазасын өтеп шық¬қандардың көпшілігі бірінші кезекте жұмыс¬сыздық мәселесіне ұрынады. Ал аталған орта¬лық оларға әлеуметтік көмек көрсетеді. Яғни, оларды еңбекке орналасуына ықпал жасайды. Тарқатып айтар болсақ, әлеуметтiк бейiмдеу және оңалту орталығы түрмеден босап шыққан адамдарға консультациялық көмек берiп қана қоймай, ақысыз оқу мен мүгедектiктi алуға да жәрдем бередi. 
Орайлы тұста бостандыққа шыққандардың дені мемлекет тарапынан ұсынылған жұмыс¬тарды істегісі келмейтіндігін де айта кеткен жөн. Себеп: «Айлықтары аз» дейді. Одан гөрі күнделікті ақысын алатын жұмыстарға барғысы келеді. Жеке құрылыс жұмыстарына жалданып табыс тауып жатады.
Жазасын өтеп шыққан азаматтар жұрттың өздерінен теріс айналатынын, бұған қоса, жұмыс пен баспана мәселесі де қинайтынын айтады. Мәселен, 40 жастағы Макстың (азаматтар аты-жөндерін толық атамауды сұрады) айтуында, сотты болған адамға жұ¬мысқа орналасу мұң – қоғамға керексіз адамға айналған соң ондай азаматтардың көбі қайта ұрлық жасайды, ішімдікке салынады, –  дейді.
– Үш жылдық жазамды өтеп келдім. Енді өз-өзіме келіп, әрі қарай өмір сүруім керек. Құжаттарым түгел. Тіркеудемін. Ендігі маңызды мәселе – жұмыс табу, – дейді ол.
«Қылмыстық жазасын өтеген адам¬дар¬ды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орта¬лы¬ғының» заңгер-кеңесшісі Мұрат Смайлов: «Қылмыстық жазасын өтеп шыққан адам¬дардың өмірінде көп өзгеріс болады. Қан¬ша дегенмен олар қоғамнан оқшау, көп мәселелерден хабарсыз қалады. Бірақ олардың барлығын қоғамнан алшақтап кеткен адам деп тануға болмайды», – дейді.
Оның айтуынша, орталық мамандарымен түзеу мекемелерінде жазасын өтеп келген адамдарға 36 зерттеу актісі жүргізіліп, 104 адамға әлеуметтік карта толтырылып, жеке істері ашылған. Олардың ішінде 56 адам жұмыспен қамтылған, ал оның 36-сы тұрақты жұмыс істейді. Кәсіби мамандық алу үшін 12 азамат оқу курстарына жазылып алдағы уақытта жұмыспен қамтылады, – деді.  
Ал осы орталықтың әлеуметтік-құқықтық жағынан кеңес беруші заң қызметкері Алмат Адранов: «Сотты болған азаматтар жұмыспен қамтылса, материалдық жағдайы шешіледі. Егер жұмыссыз жүре берсе, жеңіл жолға түсіп, қайта қылмысқа баруы мүмкін. Біз оларды барынша шыдамдылыққа, сабырлыққа шақы¬рамыз», – деп отыр.
– Қылмыстық жазасын өтеп шыққан¬дар¬дың қайда, не істеп жүргенін, неге мұқтаж екенін анықтаймыз. Сотталып шыққандар сөзден қашып, ауылдан қалаға келеді. Олар¬дың басым бөлігі – өзін-өзі жұмыспен қам¬тығандар. Мысалы, такси жүргізушісі, құры¬лысшы болып жұмыс істейді, – дейді заңгер А.Адранов.
Осы кезге дейін орталық қызметкерлері өтініш жазып келген азаматтардың жеке куәліктерін рәсімдеуге, тұрғылықты мекен-жайына тіркелуге көмек көрсетіп, квота алуға көмек жасап, жазасын өтеп келген жанның екі аяғына ота жасауға ықпал еткен.
Түзеу мекемелерінен шыққан адамдардың өздері келіп әлеуметтік, құқықтық, психоло¬гиялық не болмаса жұмыс сұрап келетіндердің саны өте аз. Тіпті өз бетінше ешкім келмейді деседе болады, – дейді орталық мамандары.
Мекеменің әлеуметтік қызметкерлері мен заңгер-консультанттары бұрын сотты болып жазасын толық өтеп шыққандар және жазаны шартты түрде мерзімінен бұрын босанған азаматтардың үйлеріне барып аралап көмек көрсетуде. Бірақ олардың 70 пайызының үйлерінде болмайтыны, көмек қолын беретін мекеменің бар екенінен бейхабар жандар да бар. Сондықтан орталық мамандары түрмеден шыққан азаматтарға зәру көмек жүргізілетін мекемеге келулерін сұрайды. Кез келген құ¬қықтық, әлеуметтік, психологиялық тұрғы¬да көмек көрсету, жұмысқа орналастыру, кә¬сіптік мамандық игеруге қайта даярлаудан өтуге орталық ықпал жасайды.
Бүгінгі күні орталық қызметкерлеріне қи¬ындық туғызып отырған жайт жазасын толық өтеп шыққан азаматтарды жұмыссыздыққа тіркеу, қоғамдық жұмысқа тарту мәселелері. Және шартты түрде мерзімінен бұрын босанған (УДО) адамдардың пробация қызметі мен жергілікті полиция қызметінің есебінде болғандықтан, оларды орталық есебінен шығарып жіберу. 
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

ҚОҒАМ 10 желтоксан 2016 г. 1 007 0