« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облысымызда экономиканың қозғаушы күші саналатын шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында алға ілгерілеу бар. Алайда кейбір аудандардағы жағдай көңіл қуантарлық емес. Әсіресе Жалағаш пен Қармақшы аудандарында кәсіпкерліктің дамуы баяулап қалған. Осының салдарынан бюджетке түсетін салық түсімдері күрт төмендеп кеткен. Бейсенбіде Қармақшы ауданында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен алқалы жиын өткен болатын. Онда аймақтағы шағын және орта бизнестің ахуалы талқыға салынды.
Облыс әкімі жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының және облыстық мәслихат жанындағы «Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның бірлескен көшпелі отырысына төрағалық еткен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев кіріспе сөзінде Елбасының шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше мән беріп отырғандығын айтты. Бұл барлық деңгейдегіжергіліктіәкімдергежауапкершілікжүктейтінінжеткізді.
– Экономиканы одан әрі жаңғыртып, жаңа технологияларға негізделген өндірістерді көптеп ашу – біздің басты мақсатымыз. Алайда, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін толық пайдаланып отырған жоқпыз. Оның ішінде бұл жұмыстарды Қармақшы және Жалағаш аудандарында одан әрі күшейту керек, – деді облыс басшысы.
Аймақ басшысының айтуынша, Қармақшы және Жалағаш аудандарында шағын және орта бизнестің дамуы баяу. Мемлекет ұсынып отырған бағдарламалардың игілігін көріп жатқандар қатары көңіл жұбатар жағдайда емес.
Жиында Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Махашов «2015-2017 жылдарға арналған Жол картасына» сәйкес осы күнге дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесін, кәсіпкерліктің даму барысы бойынша баяндама жасады. Оның сөзінше, бір жыл бұрын қабылданған «Қармақшы ауданының экономика салаларын дамытудың 2015-2016 жылдарға арналған жол картасы» аясында жоспарланған 21 іс-шараның 12-сі толығымен орындалған. 8-і орындалу сатысында болса, 1-і тоқтатылыпты. Ал, ауданда құрылған индустриялық аймаққа қажетті инфрақұрылым жүйелерін жеткізу үшін 112 млн. теңге қаржы бөлініп, бар жағдай жасалғанымен, қызметін бастаған жоба жоқ. Қынжылтатыны, бұл кемшілік жалғыз Қармақшыға ғана тән емес. Сондықтан да, облыс әкімі барлық аудан әкімдеріне индустриялық аймақтардың бос тұрмауын қатаң тапсырды.
– 2014 жылы республикалық бюджеттен 834,7 млн теңге бөлініп, Арал, Қазалы, Жалағаш және Шиелі аудандарының индустриялық аймақтарына инженерлік инфрақұрылым тартылды. Сырдария мен Жаңақорған аудандарынан басқа, барлық аудандарда индустриялық аймақтар құрылған. Барлығында бір проблема – инвестициялық жобалар жоқ, ал жобаларды іздеп жүрген аудан әкімін тағы көрмейсіз. Тіптен, аудандарда тартылған инженерлік инфрақұрылымдар тиісті қызмет көрсетуші мекемелерге осы уақытқа дейін берілмеген. Осының өзі кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмей отырғандығына дәлел болып отыр, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, аймақ басшысы «Байқоңыр» кешенінің 14 нысанын Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне беру жөнінде шешім қабылданғанын, олардың ішінде кәсіпкерлік-әлеуметтік нысандар бар екенін айтты. Ендігі мақсат – сол нысандарды ел игіліне жарату, жаңа өндіріс көздерін ашуға пайдалану. Сонымен бірге, облыс әкімі Байқоңыр қаласына кіргізілетін тауарларға салынатын қосымша құн салығын бір елдің заңнамасымен төлеу жөнінде Заң жобасы мақұлданғанын айтты. Бұл өз кезегінде кәсіпкерліктің дамуына серпін болары сөзсіз.
Көшпелі отырыста, сондай-ақ, Жалағаш ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев ауданда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, Жол картасы бойынша 3 млрд 709,7 млн теңгенің 32 жобасын іске асыру жоспарланып, 603 жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінгі күні 2 млрд 65,2 млн теңгенің 15 жобасы іске қосылып, 159 жұмыс орны ашылыпты. Бір қуанарлығы, аймақ басшысының қолдауымен жұмысы тоқтап тұрған қызыл мия тамырын өңдейтін зауыт өз жұмысын бастамақ. Әйтсе де, аудан территориясындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында бірде-бір сервистік кешендер жобасы өз жұмысын бастамаған.
Отырыста, сонымен қатар, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Н.Өмірсерікұлы, «Байқоңыр» ӘКК басшысы Т.Кенжебаев, облыстық өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ғ.Жақсылықов күн тәртібіндегі мәселе бойынша ақпараттарымен бөлісті. Сондай-ақ, жиынға арнайы қатысқан «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов өз пікірін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді. Жиын соңында аймақ басшысы аудан әкімдері мен сала басшыларына тапсырмалар беріп, әрбір істі жедел, тиянақты орындауды талап етті.
Нағымжан САУЯЕВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |