СТК ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ МАҢЫЗДЫ

Жуырда өңіріміздегі СТК жұмысына байланысты облыстық кеңес болып өтті. Жиынға бірқатар ауыл әкімдері мен СТК төрағалары, ауылшаруашылық мамандары қатысты. Шараны облыстық СТК төрағасы С.Далдабаев ашып берді.
Басқосу барысында өңіріміздің өркендеуінде маңызды орын алатын СТК жұмысының бүгінгі жайы кеңінен талқыланды. Өз сөзінде төраға ауылдық елді мекендердегі тұтыну кооперативтерінің алғашқы құрылуы мен оның жұмысын ұйымдастырудағы біршама деректерге тоқталды. Сондай-ақ, соңғы уақыттардағы аудандық, ауылдық округ әкімдері тарапынан СТК жұмысына қолдау көрсетудің өз дәрежесінде емес екенін, жақында қабылданған жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасында көрсетілген заңнама негіздерінің әлі де болса шешімін  таппай жатқанын сөз етіп, елді мекендердегі тұтыну кооперативтерінің қызметтеріне шолу жасады. 
Келелі мәселені көтерген жиында кеңеске қатысушылар  азық-түлік өнімдерін өндіріп, қала тұрғындарының сұранысын  қамтамасыз етуде СТК-ның алар орныя ерекше екендігін, облыс басшылығының майда қожалықтарды ірілендіріп, СТК-ға біріктіру жөніндегі бастамасын қолдайтындықтарын жеткізді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бөлінетін мемлекет қаржысын тендерге түсірмей-ақ, ауылға тікелей бөлуді заңдастыру туралы облыс әкіміне ұсыныс түсіру жөнінде облыстық тұтыну кооперативтері қауымдастығының басшылығына ұсыныс жолданды.  

ҚОҒАМ 21 желтоксан 2013 г. 936 0