БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АСУЛАР

Дана халқымыздың «Біліксіз қалар жырақта, білімді жетер мұратқа» деген өсиетінің өзектілігі күннен күнге өсе түсуде. Қазіргі таңда жас ұрпақты тәрбиелеу әлеуметтік құрылымның маңызды міндеттеріне айналды.
Әрине, балабақшада әр істің ұтымды, дұрыс бағыт алып жүруіне, баланың өз үйіндей еркін сайрандап, ойнап күлуіне, материлдық-техникалық және медициналық әлеуметтік жағдай жасауы, оқу-тәрбие жұмыстарын инновациялық технологияларымен ұштастыра отырып, балабақша өміріне ендіру. Келген жас мамандарға дұрыс бағыт беріп, олардың тәжірибелі білімді маман болып жетістіктерге жетуіне көп ықпал етіп отырған балабақша басшысы Серікбаева Айна Шайхисламқызы.
Жақында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық «Yздік тәрбиеші - 2013» байқауы өтті. Онда балабақша атынан жас маман Тұрғанбаева Айгүл Бекжасарқызы қатысып, байқаудың жеңімпазы атанды.
Ғұлама жазушы М.Әуезовтің «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөзінің мазмұнына ой салсақ, ұжымның бала тәрбиесіндегі еңбегінің жемісті екенін ондағы аға буын тәрбиешілердің білімі мен біліктілігі жастарға үлгі. Сайып келгенде, басқарушы басшы білімді де, жігерлі болса, жастарымыз құлшына жұмыс істеп, үлкендеріміз тәжірибесін үйретуден жалықпайды. 
Гүлнар ӨТЕГЕНОВА,
№31 «Алтын кілт» балабақшасы кәсіподақ ұйымының төрайымы.

ҚОҒАМ 21 желтоксан 2013 г. 1 005 0