МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТАЛАП ЗОР

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Консенсус» қоғамдық қорының ұй­ым­дастыруымен «Мемлекеттік қыз­меттің қазақстандық моделі және қызметтік әдеп ережелері» ғылыми-тәжірбиелік конференция болып өтті.

Оған облыстық, жергілікті мемле­кеттік органдарының басшылары, үкі­­меттік емес ұйым өкілдері, бизнес және академиялық қауымдастық ма­ман­дары, халыққа қызмет көрсету ор­та­лы­ғының қызметкерлері мен өзге де сала мамандары қатысты.

Шараның негізгі мақсаты – мемле­кеттік қызмет институтының қоғам­дағы рөлі мен миссиясын, мемлекеттік қызметшінің әдеп этикасының маңыз­дылығын түсіндіру. Еліміздің және аймағымыздың дамуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік қызметшілердің еңбегін дәріптеу.

Конференцияны ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыс бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Берікбол Байхожаев ашып, өткізіліп отырған шараның маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Сонымен бірге жиын барысында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың аға оқытушысы Алмагүл Әбдімомынова «ҚР-дағы мемлекеттік қызмет пен әдеп ережелерінің қалыптасуы мен даму тарихы», облыс әкімі жанындағы мемлекеттік қызметшілер мен бюджет қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Өңірлік оқу орталығы директорының орынбасары Сабира Нәсіпова «Мемле­кеттік қызметке – кәсіби кадрлар» және аталған департаменттің басқар­ма басшысы Ғалымжан Ілкібаев «Мем­лекеттік қызмет және әдеп ережелері» тақырыптарындағы хабарламаларын көпшілік назарына ұсынды.

Одан әрі «Консенсус» қоғамдық қорының президенті Ербол Күміс­ходжаевтың «Мемлекеттік қызметкер­лер алдындағы заманауи талаптар» та­қы­ры­бындағы баяндамасы тыңдалды.

 

Сара АДАЙБАЕВА.

 

ҚОҒАМ 06 қыркүйек 2016 г. 587 0