« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өңірлік коммуникациялар орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған кезекті брифинг өтті. Онда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов журналистерге Қызылорда облысындағы табиғат пайдаланудың қазіргі жай-күйі жөнінде айтып берді.
Ол алғашқы кезекте елді мекендерді аяқсумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Биылғы жылы 5 су шаруашылығы нысандарын, атап айтқанда, Қазалы ауданы Сарыбұлақ ауылдық округін сумен қамтамасыз ету, жақсарту, Жалағаш ауданы Аққұм ауылындағы «Ақарық», Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі «Жыңғылдыкөл», Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі «Базар арығы» каналдарын тазалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 346,5 млн теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда аталған каналдарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
Басқарма басшысы САРАТС-2 жобасының техника-экономикалық негіздемелері дайындалғанын мәлімдеді. Алайда, жобаны бастау мәселесі Өзбекстан тарапынан негізсіз ұстанымы салдарынан кешіктірілуде. САРАТС-2 жобасы Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасына енгізілуі себепті қазіргі таңда оны республикалықбюджеттен қаржыландыру мәселесі қаралуда. Брифингке қатысушылар, сондай-ақ Қызылорда облысы бойынша ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру (ИДЖЖ-2) жобасы жайлы ақпараттарға қанықты. Бұл жобаға аймақтан Жалағаш ауданының 15123 гектар инженерлік мақсатта әзірленген суармалы жерлері енгізілген. ИДЖЖ-2 жобасына кеңесшілік қызмет көрсету үшін австралиялық «SMEC Interational» компаниясы мен жергілікті «Казводпроект» ЖШС арасында келісім-шарт жасалған.
Басқарма басшысы брифингте облыс әкімінің Қызылорда қаласы маңында жасыл белдеу құру туралытапсырмасына сай 2014 жылы «Қызылорда-Шымкент» автожолы бойынан 23,5 гектарға жергілікті жерге жерсіндірілген Сыр талы, терек ағаштарының 12 мың данасы, және «Аэропорт-Қызылорда» автожолы бойына 4 гектарға 4800 дана әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылғанын еске салып өтті. Қазіргі уақытта 23,5 гектардағы ағаштардың шығымдылығы 65 пайызды құрайды. Бүгінгі күні жасыл белдеу ағаштарын күтіп-баптау жұмыстарын шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атқаруда.
Е.Бекжанов облыста балық шаруашылығында маңызы бар Кіші Арал теңізі және 184 көл тіркеуге алынғанын жеткізді. Оның ішінде Кіші Арал теңізінің 16 учаскесі мен 141 (немесе 72 пайызы) конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Басқарма басшысы брифинг барысында сондай-ақ орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғау, тұрмыстық қалдықтарды басқару саласы және табиғат қорғау шаралары бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпараттармен бөлісті. Соңынан журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |