« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ұлттық Жоспардағы білім саласына қатысты 76-қадамда «ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептерді оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру» делінген.
Бұл қадам бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында білім мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша биылғы жылдың 28 наурызы мен 12 тамызы аралығында 2168 тыңдаушының біліктілік арттыру курстарынан өтуі жоспарланған. Қазіргі уақытта 523 мұғалім сертификаттарға ие болды. Бұл бағдарламалар негізінде оқушылар қоғамда өмір сүруге; алған білімдерін өмірде қолдана алуға (функционалдық сауаттылық); әртүрлі мәдениет өкілдерімен жұмыс жасауға, идеялар мен көзқарастарды бөлісуге; өз бетінше әрекет етіп, шешім қабылдауға; азаматтық құндылықтарды қалыптастыруға; сыни тұрғыдан ойлай алуға; ғылыми-зерттеушілік және жобалау жұмыстарын кешенді бағдарламалар негізінде жүргізе алуға үйренеді және дағдыланады. Алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы және Кембридж университеті халықаралық емтихан кеңесі бірлесе дайындаған деңгейлік бағдарламалар бойынша 90 тыңдаушы біліктіліктерін арттыруда. Сонымен қатар, халықаралық PISA бағдарламасы бойынша да курстар өткізілуде.
79-қадамда «Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсат – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлуетін көтеру» міндеті қойылған.
Оны орындау мақсатында институттың 3 шетел тілі пәні оқытушысы шетелдік мамандар ұйымдастырған арнайы курстан өтіп, биылғы 28 наурыз бен 12 тамыз аралығында облыстың 151 шетел тілі пәні мұғалімін біліктілік арттыру курстарынан өткізу жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуде. Бұл курстарда 1-сыныптан бастап ағылшын тілін игеру әдістемесіне басты назар аударылуда. Қазіргі таңда әлемнің дамыған алдыңғы қатарлы елдері білімге және ғылымға барынша көңіл бөлуде. Өйткені, білім – ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Сондықтан, еліміздің білім беру жүйесі деңгейін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру замана талабынан туындап отыр.
Елбасы «Алаштың Анасы» деп атаған аймағымызда соңғы жылдары барлық салада дерлік үлкен өзгерістер жүруде. Соның дәлеліндей, облыс оқушылары ҰБТ нәтижесі бойынша бірер жылдың ішінде соңғы орыннан 5-орынға көтерілді. Өткен жылы «Алтын белгіден” үміткер 231 баланың 139-ы, яғни 60 пайызы алған білімдерінің алтын сапасын растады. Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарына қатысқан 84 баламыздың 46-сы жүлделі орын алды. Колледж түлектерінің жұмыспен қамтылу көрсеткіші 68 пайызға жетті. Осыдан екі жыл бұрын бұл көрсеткіш 45 пайыз еді. 2014 жылдан бастап аймақ экономикасына білікті маман дайындау мақсатында Ресейдің белді жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатылды. Қазір Ресей Үкіметінің есебінен 320-дан аса қызылордалық жас Ресейдің алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Биыл тағы 200-ден астам Сыр түлегі осындай мүмкіндік алмақшы.
Былтыр 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100 пайызға жетті. «Балапан» бағдарламасы аясында бұл көрсеткішке қол жеткізу 2020 жылға жоспарланған болатын.
Бауыржан ЕЛЕУСІНОВ,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, профессор.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |