« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
– Қазақстан Президенті өзінің дәстүрлі Жолдауында білім және ғылым саласына екі негізгі міндет жүктегені белгілі. Ол техникалық және кәсіптік білімді дамыту және тиімді ғылыми инновациялық жүйені құру болып табылады, – деді басқарма басшысы. – Аймақта техникалық кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлау екі деңгейде жүргізілмекші. Жұмысшы мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімді тегін алуға орай орта білім негізінде колледждерде білім беріледі, яғни бұған орта мектептің 9 сыныбын бітірген балалар қабылданады. Қазір мұндай білім алушылардың саны – 5125. Екінші кезеңде орта мектепті бітіріп, арнаулы және жоғары оқу орындарында білім алумен қамтылмаған, не колледждер мен ЖОО-дан шығып қалғанжастарға алғашқы жұмысшы мамандығын тегін беру қарастырылады. Ал, үшінші кезеңде кәсіби біліктілігі жоқ, мектепті бұрынғы жылдары бітірген жастарға «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы” аясында жұмысшы мамандығын беру жоспарланған.
Аймақтағы 31 колледжде өңірдегі еңбек нарығына қажетті 97 мамандықтың 160 біліктілігі бойынша 22527 жас білім алуда. Облыстағы еңбек ресурстары балансына және жүзеге асырылып жатқан түрлі жобаларға қажетті кадрларға деген сұранысқа сәйкес, сонымен қатар соңғы екі жыл көлемінде колледждерде жүргізілген салаландыружұмыстарының нәтижесінде оқу орындарында 23 жаңа мамандық ашылып, 17мамандық бойынша мемлекеттіктапсырыс қабылданды. Бүгінгі күні оқу орындары мен кәсіпорындары арасындағы әлеуметтік-әріптестік бағытындағы және дуальды оқытуға негізделген келісім-шарттар бітірушілердің тұрақтыжұмысқа орналасуына өз ықпалын тигізуде. Мәселен, 2014-2015 оқу жылын 7884 түлек бітірсе, олардың 970-ы жұмыс беруші әлеуметтік кәсіпорынтарапынан еңбек кітапшасыналып, бірден тұрақты жұмысқа орналасқан, бұл бітірушілердің 13,7 пайызын құрайды. Өткен жылдың соңында жүргізілген сараптама қорытындысы бойыншамектеп бітірушілердің 68, мемлекеттік тапсырыс негізінде бітіргендердің 70 пайызы жұмыспен қамтылғаны белгілі болды.
Елбасының Жолдауында берілген нақты тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында облыстық білім саласының алдында күрделі міндеттер тұр. Ең бастысы, аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерін саралап, оларға тиісінше көмектер көрсету, жастардың тегін алатын жұмысшы мамандықтарының тізімі және жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын қаржының көлемін анықтау қажет. Сонымен қатар қазіргі оқу-өндірістік комбинаттар мен колледждердің базасында жалпы орта білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына жұмысшы біліктілігін берудің мүмкіндіктерін қарастыру да басты мақсат саналады. Яғни, мектеп түлектері аттестатпен бірге бір мамандық дипломын қоса алады. Бұл салада нақты жұмыстар бастау алды. Мәселен, Байқоңыр қаласындағы оқу өндірістік комбинатын облыстық білім басқармасының құзырына тарту жұмысы жүргізілуде. Аудан орталықтарындағы лицей-гимназиялардың мүмкіндіктерін жетілдіру жоспарда бар. Сондай-ақ орта мектепті соңғы үш жыл көлемінде бітіріп, жұмыссыз жүрген жастарға кәсіптік бағдар беру, оларды жұмысшы мамандығына тарту жұмыстары жандандырылады.
Республикада "Кәсіпқор” холдингінің базалық оқу орындарында Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы үшін 10 базалық колледж құру жұмыстары қолға алынған-ды. Аймақтағы И.Әбдікәрімов атындағыагротехникалық колледж сол ондықтың қатарында. Қазіргі таңда колледждің материалдық-техникалық базасын әлемдік деңгейге сай қондырғылармен жарақтандырып, оның кадрлық әлеуетін көтеру мақсатында нақты жұмыстар жүргізілуде.
Брифингте сала басшысыбиылғы ҰБТ-ға дайындық барысы, ондағы өзгерістер жайлы, 12 жылдық білім берудің негізгі мақсаттары, мектептің жоғары сыныбындағы кәсіпкерлік бағытта берілетін білім, "Серпін” бағдарламасының іске асырылуы төңірегінде жан-жақты әңгіме өрбітті. Журналистердің сауалдарына жауап берді.
Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |