« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Оған «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Р.Ахметова, аудан әкімінің орынбасары Ж.Әлішева, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н.Оспанов және Аналар кеңесінің төрайымы Ә.Мукаримова, ұлттық этно-мәдени орталықтарының белсенді мүшелері қатысты.
Алдымен сөз алған Рахима Ахметова жобаның маңыздылығына тоқталып өтті. Сонымен қатар «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасының іске асырылу барысы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы уақыттағы ауқымды жобалары турасында айтып берді.
Сондай-ақ, жиын барысында«Қоғамдық келісім» КММ-нің Арал ауданындағы этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Е.Қалыбаев, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н.Оспанов және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Арал аудандық бөлімінің басшысы Ә.Ізбасаров Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында аудан көлемінде атқарылған жұмыстар төңірегінде әңгімеледі. Одан әрі шарада қатысушылардың ұсыныс-пікірлері де назардан тыс қалмады. Мұнан кейін алдағы уақытта 5 институттық реформаның 4-ші «Біртектілік пен бірлік» бағыты бойынша аудан көлемінде жүргізілетін жұмыстардың жоспары талқыланды.
Жиын соңы аудандық мәдениет үйінде жалғасты. Онда «Қазақстан – көпұлтты мемлекет» атты кеш тамашаланды. Бір топ белсенді азаматтар марапатталды.
Сара АДАЙБАЕВА.
Арал ауданы.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |