«ҮЛКЕН ЕЛ – ҮЛКЕН ОТБАСЫ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҢ ЖОБА ҰЛАҒАТЫ

 

 

Жуырда Жалағаш ауданында «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасын түсіндіру мақсатында үкіметтік емес ұйым және саяси партия өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

«Дөңгелек үстелге» қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов пен «Қоғамдық келісім» мекемесі директорының орынбасары А.Жұмабаев қазақстандық біртектілік пен бірегейлікті нығайту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобаның ерекшеліктеріне тоқталды.

Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ бас эксперті Б.Үсенбаев Елбасы Жарлығымен қабылданған Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы азаматтық қағидаттарына және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарына тоқталды. Сонымен қатар Жалағаш кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Көштаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, зейнеткерлер М.Мамытов, С.Хайрудинова өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Бұдан кейін Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет үйінде жалпыұлттық жобаны түсіндіру мақсатында ауыл активімен кездесу өткізілді.

Онда қазақстандық патриотизммен тәрбиелеу, жүзеге асырылып жатқан «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жоба ерекшеліктері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, Бұқарбай батыр ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Нұрмағанбетов ардагерлер ұйымының рөлі туралы хабарлама жасады.

Кездесу барысында мәдениет үйінің фойесінде қолөнер бұйымдарының көрмесі көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Нұрбек САҒАДАТ.

Жалағаш ауданы.

ҚОҒАМ 11 ақпан 2016 г. 992 0