Қаламыздағы №187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінде жаңа ақпараттық-педагогикалық технологияларды пайдалану негізінде сапалы білім беру бағыты бойынша, «Әлеуметтік серіктестік негізінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар болып өтті.
Семинар жұмысына қалалық білім беру бөлімі бастығы М.Аралбаев, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Қызылорда облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бастығының орынбасары С.Серікбаев, мектеп ұжымы және облыс мектептерінің ұстаздары қатысты.
Шара аясында, «тіл мәдениеті және лексикалық норма», «геометрия есептерін шешуде комбинаторика элементтерін қолдану» элективті курсы, «графикалық юзавелити талаптары» атты ізденіс және семинар сабақтары болды. Қатысушылар «әлеуметтік серіктестік негізінде бейіндік және бейіналды дайындық жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру» шеберлік сыныбында тәжірибелерімен бөлісіп, түсінбеген сұрақтарын талқылады. Ұстаздар бағыт-бағдарлау жұмыстарын бұдан әрі жетілдіру жайында талқылады. Семинар соныңда, ұстаздар қауымы ұйымдастырушы, №187 орта мектеп директоры Айгүл Мұсабаеваға алғыстарын білдірді.
Нұрбек САҒАТҰЛЫ.