ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ

Жемқорлықпен күресті күшейту қажеттігіне Елбасымыз өзінің әрбір Жолдауында баса назар аударып келеді және әр деңгейдегі мемлекеттік органдарда жемқорлыққа қарсы күресте нақты шаралар жүргізуді талап етеді.
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекітті.
Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы инспекция мамандары өз қызметінде «ҚР Конституциясына», Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына, Қазақстан Республикасының «Бәсекелестік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына, «Ар-намыс» кодексіне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып жұмыс атқаруда.
Білімдерін нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер мәселелері бойынша инспекция мамандары арасында жиналыс өткізіліп тұрады.
Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер міндетті есепке алынады және заңмен белгіленген мерзімде қаралады. Барлық келіп түскен және қаралған өтініштерге дер кезінде жауап қайтарылады. Азаматтарды қабылдау күндері белгіленген. Әр өтініш бойынша мәселелерді шешу мақсатында жұмыс жүргізіледі. Сонымен қатар, азаматтардың арыз, өтініштері үшін арнайы жәшік орнатылған.
Мәліметтерді жинау үшін – азаматтар бөлімнің қызметіне қатысты сұрақтар бойынша қажетті ақпарат алуы және олардың сұрақтарын қарауда бюрократизм, сыбайлас жемқорлық туралы деректерді хабарлау үшін 23-92-71 сенім телефондары жұмыс жасайды.
Жыл сайын инспекцияның барлық мемлекеттік қызметкерлері салық комитетіне кіріс бойынша декларация тапсырады. 1-ші наурызға дейін инспекцияның барлық әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері 2012 жыл бойынша электронды түрде декларация тапсырды.
Осы шаралардың барлығы жұмыстың сапасын көтеруге, өз қызметтерін атқаруда ашықтыққа, сол сияқты жемқорлық көріністерінің алдын алуға жүйелі және жоспарлы түрде мүмкіндік береді.
Қорыта келе, жемқорлық мемлекетіміз үшін аса қауіпті дерт екендігін және осы дертпен күресу, алдын алу тек мемлекеттік қызметкерлердің ғана емес, әрбір адамның үлкен парызы екендігін ұмытпауымыз қажет.
А.ПОСТАНОВ,
Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы инспекция басшысының орынбасары.

ҚОҒАМ 07 желтоксан 2013 г. 970 0