« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мәслихат сессиясына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, сөз сөйледі.
– Өздеріңізге белгілі, әлеуметтік саладағы ең маңызды бағыттың бірі – денсаулық сақтау мәселелері. Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 83 пайызы медицинамен байланысты. Өздеріңіздің қолдауларыңызбен облыстық денсаулық сақтау басқармасының бюджеті2012 жылы 21 млрд теңге болса, 2014-2015 жылдары 12 млрд теңгеге көбейіп, 33 млрд теңгеге жетті. Алайда аймақтағы медициналық қызметтің сапасы әлі де сын көтермейді. Осыған орай біз жыл басында медицина саласы қызметкерлерімен кездесіп, нақты тапсырмалар берген едік. Бірақ айтылған сын-ескертпелерден дұрыс қорытынды шығарылмады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы берілген тапсырмаларды орындауды былай қойғанда, саланы құлдыратып алды. 2014 жылдың 9 айымен салыстырғанда арыз-шағымдар еселеп өскен. Арыздардың 42 пайызы медициналық қызметтің сапасына қатысты.
Ана өлімі көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы республикада 1 қатарда тұр. Жыл басынан бері 8 ана өлімі тіркелді. Оның 5-і зерттеліп, тиісті қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылды. Қалған 3-і бойынша тексеру жүріп жатыр. Ана өлімі медицина қызметкерлерінің жауапсыздығынан, немқұрайлығынан болғанын мойындауға тура келіп отыр. Аталған негізгі көрсеткіштердің күрт төмендеуі денсаулық сақтау басқармасындағы жүйелі ұйымдастырудың жоқтығынан орын алған. Уақытылы жоспарлау, қадағалау мен талап қою жоқ. Министрліктің де пікірі осындай. Осыған байланысты басқарманың бұрынғы басшысы С.Рахменшеев қызметінен босатылды. Сондықтан денсаулық сақтау саласын шұғыл сауықтыру үшін осы саланы білетін жетік меңгерген білікті маман, тәжірибелі ұйымдастырушы, медицина ғылымдарының докторы Ақмарал Әлназарованы сала басшысы қызметіне тағайындау туралы шешім қабылданды. Денсаулық сақтау саласында қалыптасқан күрделі жағдай бізді осындай шешім қабылдауға мәжбүрледі. Саланы тез оңалту үшін Ақмарал Шәріпбайқызының білігі мен тәжірибесі қажет болып отыр, – деді облыс басшысы.
Аймақ басшысы А.Әлназарованы әкімдік пен мәслихаттың үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуынаерекше үлес қосқаны үшін облыстың Құрмет грамотасымен марапаттады.
Облыстық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқаруға облыстық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Қ.Бисеновтің кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан мақұлданды. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А.Жүнісов №8 Төретам сайлау округінен сайланған облыстық мәслихат депутаты А.Әлназарованың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе көтерді. Депутат Ө.Жүсіпов 1 жылға жуық мәслихат хатшысы болған Ақмарал Шәріпбайқызына алғыс білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Сессияда күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешім қабылданды.
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |