« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Республика бойынша алғаш рет Сыр өңірінде құрылған облыстық "Жас ұлан” ұйымы бұл күндері өз құрамына 65 мыңдай жас өренді біріктіріп отыр. Ұйымның құрылуымен бірге мектеп оқушыларының өміріне көптеген өзгеріс пен жаңалық енгені де рас. Жақсы істердің басында әркез тәлімгерлердің жүргені тағы шындық. Тәлімгерін өзіне үлгі тұтқан талай өрен айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Жуырда оқушылар сарайының мәжіліс залында өткен "Болашақты жобалау – табысты жобалау” атты тәлімгерлердің облыстық ІІ конференциясы осылай өткенін саралап, болашаққа болжам жасады.
Конференция жұмысын қысқаша құттықтау сөзбен ашқан облыстық білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының директоры Сырым Асқаров Сыр бойы тәлімгерлерінің атқарған қызметтері мен алдағы міндеттеріне тоқталды. Ал облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Меңлібаев жасөспірімдер арасындағы тәрбие жұмысының сапасын арттыру, тәлімгерлердің шығармашылық қабілетін жетілдіру барысында ой қозғады.
Жиында өзара пікір алысқан "Жас ұлан” ұйымының тәлімгерлер тобы өздерінің атқарған істеріне, қол жеткізген табыстарына, алдағы міндеттеріне тоқталды. Өздеріндегі жақсы істерді жария етті, өзгелердің жаңалығын үлгі тұтты.
Конференция барысында биік белестен көріне білген тәлімгерлер марапатталып, оларды үлгі тұтқан жасұландықтардың өнері тамашаланды.
Жұмагүл БАЛАБАЙҚЫЗЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |