САПТА ЖАҢА САРБАЗДАР

 

Қызылорда қаласындағы Қобыланды батыр ескерткіші жанында сарбаздарды әскерге шығарып салу жиыны болып өтті. Бұл жолы Шығыс Қазақстан облысына 50 азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Жарылқасынов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник МұхарбекМахамбет, облыстық «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Серік Тәшімбет, журналист, еңбек ардагері Өтеген Жаппархан және 27943 әскери бөлімі 1 мотоатқыштар батальонының командирі, майор Бауыржан Есалы, сарбаздар мен ата-аналар қатысты. Жиын барысында подполковник Мұхарбек Жәкейұлы еліміздің ертеңгі болашағы саналатын жастарымыздың ел тыныштығын күзету басты міндеттері екенін атай келе, оларға сәт сапар тіледі. Ал, ата-аналар атынан Эльмира Құрманғазиева сап түзеген сарбаздарға Отан алдындағы азаматтық борыштарын абыройлы атқарып келулеріне тілектестік білдірді. Сонымен қатар жиынға қатысқан қонақтардың бәрі де жас сарбаздарға жылы лебіздерін арнап, ел үмітін ақтауға сенім білдірді.

Шара соңында облыстық «Ардагерлер үйінің» арнайы дайындаған ашық хатынеңбек ардагері Өтеген Жаппархан оқып, сарбаздарға табыстады. Және де өзінің ізгі тілегі мен ақ батасын берді.

 

С.Адайбаева.

ҚОҒАМ 29 қазан 2015 г. 796 0