ТАЗА ҚАЛА ҮШІН

 

Бүгінде таза қала қалыптастыру мақсатында аймағымызда тазалық жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп отыр. Осыған орай 10 қыркүйек пен 10 қараша аралығытазалық айлығы болып жарияланып, әр сенбіде облыста санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Сенбі күнгі осындай шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев та көпшілікпен бірге қатысты. Аймақ басшысы «Тағзым алаңына» арша ағашын отырғызды. Облыс, қала әкімдігіне қарасты басқармалар мен бөлімдер және жеке кәсіпкерлер де тазалық жұмыстарының ортасынан табылды.

Айта кетейік, осы жолғы сенбілікке 2000-нан аса қызылордалық атсалысқан. 23 техника жұмылдырылып, 162 текше метр қоқыс шығарылды. Ал бұған дейінгі тазалық жұмыстарының нәтижесінде 27 мың 180 метр арық жүйелері тазаланып, шамамен 457 текше метр қоқыс орталық полигонға жеткізілген.

М.ҚОЖАХМЕТОВА.

ҚОҒАМ 13 қазан 2015 г. 922 0