« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Айта кету керек, Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап облысымызда жүрек-қан тамырлары, тыныс жолдары және бүйрек ауруларын төмендету, бастапқы санитарлық-медициналық көмек көрсету деңгейінде ауруды ерте анықтап, тиісті көмек көрсету бағытындағы жоба негізінде жұмыс жасауда.
Мәліметтерге сүйенсек, жұмыс басталғаннан бергі төрт ай ішінде нефролог дәрігерлер 2000 адамды қабылдаса, невролог мамандардың қарауында – 505, гепатолог дәрігерлердің тексерісінде 175 тұрғын болған. Осы уақыт аралығында кардиологтың қарауынан 600 тұрғын өтсе, 406 қаралушы пульмонолог дәрігердің тексерісіне жүгінген. Дәрігерлерге қаралған тұрғындардың жартысынан астамына медициналық көмек көрсетілген. Атап айтқанда, республикалық клиникаларға жоғары медициналық көмек алуға жолданса, бірнеше науқас ағза ауыстыру парағына тіркелген.
Кездесуде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жобаның маңыздылығына тоқталып, Жеткерген Арзықұлов бастаған А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандарына алғысын айтты.
– Ұлттық орталықтың білікті де білімді мамандарының жоғары деңгейде ұйымдастырушылығының нәтижесінде біздің аудан-ауылдардағы тұрғындарымыздың денсаулық деңгейі бақылануда. Бұл жоба осынысымен де құнды. Жалпы, облыстың денсаулық сақтау саласы жіті назарымызда. Облысқа қажетті түрлі жобаларды іске асыруда әрдайым қолдау білдіруге дайынбыз. Осы орайда өңір тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосқандарыңыз үшін сіздерге алғыс айтамын, – деді аймақ басшысы.
Өз кезегінде Ұлттық орталықтың директоры Жеткерген Арзықұлов сөз алып, денсаулық сақтау саласына қамқорлық танытып, жобаның жүзеге асуына қолдау білдірген облыс әкіміне әріптестері атынан ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында сонымен бірге орталықтың бүйрек трансплантациясы бөлімінің меңгерушісі Орынгүл Нарманова жоба аясында төрт ай көлемінде атқарған жұмыстарымен таныстырып, алда тұрған міндеттерге тоқталды.
Жиын соңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев орталық мамандарын Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапаттады.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |