« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жуырда А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде қалалық білім қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі болып өтті.
«Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» тақырыбында өткен жиынға қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев, облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев, қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев қатысты.
Пленарлық мәжілісте қалалық білім бөлімінің басшысы Асқарбек Есжановтың баяндамасы тыңдалды. Ол өз баяндамасында өткен оқу жылының есебі, жаңа оқу жылында алға қойылған мақсаттар, білім беру жүйесін дамытудың міндеттеріне тоқталды.
Қалалық білім бөліміне қарасты 53 жалпы білім беретін мектепте 2014-2015 оқу жылында 45950 оқушы білім алған. Ал бүгінгі таңда қала бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 150 болса, оның 24-і мемлекеттік, 86-сы жеке меншік және білім мекемелері жанынан ашылған 40 шағын орталық бар. Оларда 15 000-ға жуық бала қамтылып отыр. «Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту көрсеткіші 2013 жылдың соңында 74,3 пайызды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 88,5 пайызға жетті.
Сонымен бірге, өткен оқу жылы қала мектептерінде 5334 мұғалім оқушыларға сабақ берген. Қаладағы білім беру ұйымдарында 2014-2015 оқу жылында жоғары және бірінші санатты педагог кадрларының үлесі барлық педагогтардың 43,9 пайызын құрағаны белгілі болды.
2014-2015 оқу жылында жалпы білім беретін 49 орта мектепті 1894 бітіруші түлектің 1370-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысса, мектеп қабырғасында 524 оқушы мемлекеттік емтихан тапсырған. Осы орайда бөлім басшысы биыл ҰБТ-ға қатысу көрсеткішінің 72,3 пайызды құрағанын, 2013-2014 оқу жылына қарағанда қатысу көрсеткішінің 13,8 пайызға азайғанын атап айтса, ҰБТ қорытындысымен орташа балл 81 болып, өткен жылмен салыстырғанда 6 балға жоғарылағаны белгілі.
Бас ұстаздың баяндауынша, бүгінде саланы қаржыландыру жылдан жылға артып келеді. Ал ол өз кезегінде сапалы білім беруге мол мүмкіндік беруде.
– Мәселен, 2011 жылмен салыстырғанда қаржыландыру 5,5 млрд теңгеге өсті. Атап айтқанда, 2011 жылы сала бюджеті 7 млрд теңге болса, 2013 жылы ол 9 млрд-ға жетті. Ал ағымдағы жылы қаралған қаржы 13 млрд-ға жуықтап отыр, – деді ол.
Алайда, осындай қолдауларға қарамастан салада кадр мәселесі кездесетінін, өзге де бірқатар кемшіліктердің орын алып отырғанын жасырмады.
– Реті келгенде айта кетейін, қала мектептері бойынша орын алып отырған кемшіліктің бастысы – мұғалімдердің апталық жүктеме сағаттарының толық болмай ұсақталуы. Ол өз кезегінде білім сапасының төмендеуіне әкеп соғуда. Осы орайда жаңа оқу жылында пән мұғалімдерінің апталық жүктеме сағаттарының толық болуы және мұғалімдерді жұмысқа қабылдауда қажеттіліктердің ескерілуі мектеп басшыларына қатаң тапсырылады. Сонымен қатар, пәндер бойынша жүргізілетін мектепішілік бақылау жұмыстарының талапқа сай алынбағаны алаңдатып отыр. Сондықтан мектеп директорларына жаңа оқу жылында осы мәселеге барынша көңіл бөлуді ескертемін, – деді Асқарбек Есжанов.
Сондай-ақ, ол жаңа оқу жылынан бастап мектеп директорларының жоғары сынып оқушыларына сабақ беріп, ашық сабақтар өткізу және пәндік олимпиадаларға оқушылар дайындау сияқты міндеттердің жүктелетінін айтты және алдағы уақытта мектеп басшыларының қызметіне лайықтылығы осы көрсеткіш бойынша бағаланатынын жеткізді.
Өз кезегінде сөз алған облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев облыс бойынша өткен оқу жылының қорытындысына және білім беру жүйесін жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Өткен оқу жылында облыста жалпы білім беретін 292 мектеп болса, жаңа оқу жылында олардың қатары 300-ге жетеді. Оның ішінде Байқоңыр қаласындағы алты мектеп қазақстандық стандартқа көшіріліп отыр. Облыс орталығында екі мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінгі күні 22 білім нысанының 19-да құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, жаңа оқу жылының басында 11 мектеп пен бір балабақшаның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұлардың 7-і апатты жағдайдағы мектептердің орнына салынса, 5-і оқушы тығыздығын жоюға бағытталған.
Жиынды қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев қорытындылап, мұғалімдер қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жылы лебізін арнады және сала басшысына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жиын соңында бірқатар үздік мұғалімдер облыстық білім басқармасының «Құрмет» грамотасымен және қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |