ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУДА ҚЫРАҒЫЛЫҚ ҚАЖЕТ

Бейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен облыстық прокуратура алқасының бірлескен отырысы өтті. Онда облыс орталығындағы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Отырысты ашқан аймақ басшысы облыс орталығының дамуы үшін бірқатар шаралар атқарылғанын еске салып өтті. Қаланың бас жоспары бекітіліп, Сырдарияда жаңа көпір құрылысы басталды. Қаланың инфрақұрылымын жаңартуға қомақты инвестиция тартылуда. Дегенмен, облыс орталығындағы қоғамдық қауіпсіздік мәселесіеш уақытта назардан тыс қалмақ емес.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыс әкімдігі аппараты басшысының орынбасары Ғазымбек Алпысбаев, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыстық прокуратура басқарма басшысының орынбасары Нұрболат Дүйсенбаев, облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов және қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Ғани Сүлейменов хабарлама жасады. Хабарламашылар облыста қауіпсіздіктікүшейту бағытында кешендііс-шаралар жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті. Оның бір ғанадәлелі – соңғы үш жылдаішкі істер органдарының материалдық -техникалық базасыннығайтуға бөлінгенқаражаттың 6 есеге өсуі.Сөз жоқ, оның ауқымды бөлігі облысорталығы үлесіне тиюде.

Облысорталығындағы ахуалға жасалған талдау көрсеткіштері төмендегідей. Статистикалық мәлімет көрсеткендей,облыста тіркелген қылмыстардың 67,8 пайызыҚызылорда үлесіне тиеді,оның ішінде ауыр қылмыстардың 68,7, ұрлықтың 64,6, бұзақылықтың 78, қоғамдық орындардағы қылмыстың 74,5 пайызы бас шаһарда жасалады. Қоғамдық тәртіптіңсақталуын қамтамасыз етугетәулік бойы қала бойынша 450-ден астам полиция қызметкері,оның ішінде 145 ұлттықгвардия сарбазы, 160-тыңүстінде жол патруль полиция батальонықатыстырылады. Олар тәулік бойы 3 ауысымдық режимдеқызмет атқаруда. Қызылорда қаласында 3 жыл көлемінде азаматтардың тікелей қатысуымен қоғамдық тәртіпті сақтау, оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын ретке келтіру, маскүнемдікке, нашақорлыққа және тұрғындардың тәртіп бұзушылығына қарсы жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Ал ауылдық жерлердегі ахуалды тұрақтандыру, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, оның ішінде мал ұрлығын болдырмау және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында, жұмыссыз азаматтардың есебінен қалаға қарасты ауылдық округтердегі учаскелік полиция инспекторларына көмекші ретінде 2015 жылдың I жартыжылдығында 8 азамат сақшы қызметіне тартылған. Мұнан өзге, қаладағы 14 учаскелік полиция пунктінің әр құрамында 7-8 адамнан тұратын кеңес жұмыс жасауда. Кеңес құрамына негізінен сол аймақтардың тұрақты тұрғыны, қоғамдық жұмысқа белсене қатысатын құқық қорғау органдарының зейнеткерлері, білім беру саласы қызметкерлері енгізіліп, барлығы 97 қоғамдық кеңес мүшесі учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде профилактикалық шараларды жүзеге асыруда.

Қоғамдыққауіпсіздіктің сақталуына жасалғанталдау өкінішке орай осыншамакүш құралдардың жұмыстиімділігінің төмендігін көрсетеді. Мысалы, бір күнгі жұмысқорытындысы бойынша кезекшілікте болған 162 жол патрульполициясы 214 әкімшілік хаттама толтырылса, оның тек 20-сы қоғамдық тәртіп бұзушылық фактілері, немесе 9,3 пайызы, ал қалғандары жол қозғалысы ережелерінбұзу. Бұл көрсеткішжол патруль полициясыныңнегізінен жол полициясықызметтерін атқарып,қоғамдық тәртіптің назардантыс қалып отырғандығын көрсетеді.

Үстіміздегі жылыҚызылорда қаласында тіркелген қылмыстардың жалпысаны өткен жылғыосы мерзіммен салыстырғанда 27,7 пайызға өссе, ауыр түрлері - 25,2 ұрлық – 19,бұзақылық 14 пайызға артып отыр.Талдау көрсетіп отырғандай,бөлінген қомақты қаражатқа қарамастан қылмысазаймаған. Бұл негізінен қалалықішкі істер басқармасыбасшыларының ұйымдастырушылықжұмыстарындағы олқылықты көрсетеді. Қоғамдық қауіпсіздіктіқамтамасыз етуде ізденімпаздық, озық тәжірибелерді зерделеп,күнделікті жұмыста пайдаланужоқтың қасы. Бір ғана мысал: учаскелік полиция пункттерінің әкімшілік аймақтары, біріккендислокация бойынша жасалғанмаршруттар жылдар бойы өзгермеген.Түсініспеушілік туғызатын жайтжол патруль полициясының маршруттарыучасткелік пункттердің әкімшілік аймағымен біріктірілген. Егерекі қызметтің ерекшеліктерін ескерерболсақ, бұл өтетиімсіз, әрі қоғамдық тәртіптің сақталуынакері әсерін тигізеді.

Қала бойынша жол-көлік оқиғалары және қоғамдық тәртіп бұзушылық салдарынан мемлекеттің мүлкіне шығын келтіру фактілері жиі орын алуда. Нақтырақ айтар болсақ, 2013-2015 жылдар аралығында пайдалануға берілген жаңа үлгідегі аялдамаларды 48 рет, түнгі жарық бағаналарын 35 рет сындыру жағдайлары орын алса, 7 дана бағдаршам, 5 дана жол белгілері істен шығып, «Шұғыла» мөлтек ауданындағы «ҚазГерМұнай» демеушілігімен салынған демалыс скверін және оқушылар аллеясында орналасқан шамдарды, шағын мүсіндер мен орындықтарды сындырып кету жиілеп отыр. Бұдан бөлек, қала аумағында орналасқан ауыз су және кәріз құдықтарының 2 мыңға жуық қақпағы мен 2 дана трансформатор құрылғысы ұрланып, үлкен көлемді шығындар келтірілген. Осы ретте «Қызылорда су жүйесі» кәсіпорнының өз қаржысы есебінен 2013 жылы 12 млн. теңгеге 1200 дана, 2014 жылы 6 млн. теңгеге 600 дана, 2015 жылдың басынан 762,8 мың теңгеге 87 дана құдық қақпақтары алынып, ашық жатқан құдықтар қалпына келтірілгенін айтып өткен артық болмас. Жалпы алғанда, бүгінгі күнге аталған фактілер бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 24 млн. теңгені құрап отыр.

Қалада жол қауіпсіздігінің қамтамасызетілуі алаңдатушылық туғызуда.Есепті мерзімде облыс орталығындажол-көлік оқиғасы 6,5 пайызға артып, оның салдарынанқайтыс болғандар қатарыартқан. Тек сәуір айындақалада 26 жол-көлікоқиғасы болып, 4 адамқаза тауып, 27адам жарақаттанған. Жалпы ағымдағы жылдың бес айында 134 жол оқиғасы орын алып, 34 адам қаза болса, 168 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Алаңдататыны жол-көлікоқиғаларынан балалардың зардап шегуіазаймай келеді. 5 балақаза тауып, 13-і түрлідене жарақаттарын алған. Жолережелерін бұзғандарға салынған айыппұлдың барболғаны 55,7 пайызыөндірілген.

Қызылорда облыстық прокура­турасының жолдағы заңдылықтың сақталуына соңғы 2 жылда жүргізген тексерулерімен есепте тұрғандарға заңсыз жүргізу куәліктерін беру, кінәлілерді жауаптылықтан босату, әкімшілік іс жүргізу тәртібін бұзу және айыппұлдарды өндірмеу түріндегі заңсыздықтарды анықтап, 50-ге жуық жауапты тұлғаны жазаға тартқан.

Облыс басшысы қала әкімдігі мен қалалық ішкі істер органдары арасындағы жұмыс үйлесімділігінің кемшін тұстарын қатты сынға алды. Мәселен, облыстық ішкi iстер департаменті тарапынан қала әкімдігінің келісімінсіз қала көшелеріне орналастырылған бейне- бақылау камераларының қатары көбеюде. Біріншіден, камералардың орналасқан жерінің тиісті құжаттары рәсімделмеген, екіншіден оларды бекітетін бағаналар талапқа сай келмейді, бұл өз кезегінде қаланың архитектуралық келбетіне айтарлықтай нұқсан келтіруде.

Ал қаншама құдық қақпақтары қолды болып жатқанда оларды ұрлағандардың бірде-біреуі неге ұсталмаған? Сонда қаншама қаражатқа алынған бейнекамералардың немесе жаңа автокөлік мінген полиция қызметкерлердің жұмыс нәтижесін қайдан іздейміз? Осындай сауалдар қойған аймақ басшысы қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Ғ.Сүлейменовтің елдегі, қоғамдағы өзгерістер,керек болса, қалыптасқан жеделкриминогенді ахуалды мүлдемескермей отырғанын атап өтті. Оны зерделеп, жаңашаұтымды шаралар қарастыружағы жоқ болып отыр.

Қырымбек Елеуұлы автокөлік жүргізушілерін дайындайтын мекемелердің білім сапасын бақылау жоқ екенін қадап айтты. Әйтпесе, емтихан тапсырған 600 адамнан 15-і ғана өтуін немен түсіндіруге болады?

Келесібір өзекті мәселе – полиция қызметкерлеріарасындағы қызметтіктәртіптің сақталуы. Қалалықішкі істер басқармасына қарасты жол патрульполициясы батальонының жекеқұрамының бүгінгі күнге 50,3 пайызытәртіптік шараға тартылғандар.Ал марапатталғандар 23,1 пайыз. Мұның өзіполиция қызметкерлері арасында тәрбие,оқыту, үйрету жұмыстарындаолқылықтардың орын алып отырғандығынкөрсетеді. Кадр саласындағы қызметкерлердің жауапкершіліктерін арттыруқажет. Ал мас күйінде адам қаққан офицерді мысалға келтірген аймақ жетекшісі мұндайлармен күрес бір сәт толастамауы керек екенін тілге тиек етті. Облыс әкімі Қызылорда қаласы соңғы жылдары елдегі «ең қауіпсіз аймақ» атанғаны полиция қызметкерлерінің еңбегі емес, жергілікті халықтың менталитеті арқасында екенін атап өтті.

Бірлескен отырысты қорытындылар сәтте облыс әкімі қоғамдық тәртіпті нығайту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орындалуы тиісті шараларды белгілеп берді. Сонымен бірге, жыл соңында олардың орындалу есебі сұралатынын жеткізді.

 

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.

ҚОҒАМ 13 маусым 2015 г. 1 091 0