« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Әбу Сәрсенбаевтың «Сен, құрметтеоны»атты өлеңін балакүнімізден жаттапөстік. Жеңісмерекесі қарсаңында жиіоқылатын осы жыркөз алдымызға балдаққа сүйенгенбатырды елестетер еді. Бәлкім, әкемде соғыс ардагері болғандықтаншығар Жеңіскүнін отбасымызбен асығакүтетінбіз.Бұл мерекедеөзгелер тәрізді біздіңүйден де қонақарылмайтын.Омырауы орден-медальға толы әкемнің замандастары дастарханда бас қосушы еді. Өткен-кеткенді қозғап әңгіме шертетін. Кейде көздеріне жас алып қамығып қалатын кездері де болады. Шіркін, балалық-ай. Ондайда дардай кісілердің жас балаша босағандарына сырттай күліп мәз болатынбыз. Олардың жан сырын есейгенде ұқтық. Бұл қандыкөйлек қарулас серіктерді, жат жерде жер құшқан қыршын боздақтарды аңсау екен. Ауылға барған сайын сол көрініс санама оралады. Менің де алқымымды өксік буады. Аға буынға қаншалықты қарыздар екенімізді ұғына түсемін. Қазіргі мезетте Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары қатты селдіреп қалғаны белгілі. Көзі тірілері елдің айбаты – мақтанышы болып жүр. Осындай санаулы майдангердің бірі – Шәкен ауылының тұрғыны Әбжами Алмахов көкеміз.
Олар төртеу еді. Яғни, ағайынды төрт жігіт болатын. Шетінен шыңға ұмсынған қарағайдай тұлғалы-тұғын. Алға қойған мақсаттары да айқын еді. Бір шаңырақтан өрген төртеудің тату-тәтті тірлігін өзгелер үлгі қылып айтудан жалықпайтын. Әттең соғыс атты дүрбелең сол ізгі арманға тұсау салды. Ел басына күн туған сын сағатта Алмаховтар түгел майданға аттанды. Әбжамидің өзімен тетелес ағасы хабар-ошарсыз кетті. Арыстай азаматтың ешбір дерексіз кетуі қандай өкінішті. Алланың жазуына не шара?! Қалғандары толарсақтан қан кешіп елге оралды.
Әбжами Арықбалық ауылында дүниеге келді. Кіндік қаны тамған Иланды, Қаттыағыс оған жердің жаннатындай сезіледі. Соғыс басталар қарсаңында жетіжылдық мектепті тамамдады. Не істеу керек? Ойлана келе білімін тереңдетуді ұйғарды. Ол тұста Қазалыда техникум бар болатын. Анау-мынау емес, танымал білім ордасы саналады. Әбжами құжатын тапсырды. Сынақтан да сүрінбеді. Бір күні оқу ордасына аудан басшысы Сегізов келді. Мұғалімдермен тілдесті. Студенттердің сабағына кірді. Жиналыс жасады. Құжаттармен танысты. Кетерде техникум директорына Әбжами мен тағы бір баланы ертеңіне өзіне жіберуді тапсырды. Аудан басшысы шақырғанда қобалжымай көр. Айтылған мерзімде жетіп барған екеуді ел ағасы ізетпен қарсы алды. Мән-жайды түсіндірді. Ауылдардан, ұжымшарлардан түскен хаттарда есеп жоқ. Соларды сұрыптап, тиісті жауап қайтару қажет екен. Жауапкершілігі мол шаруаға екеуін лайықты көріпті. Осылайша табан астынан Сегізовтің көмекшісі атанды. Жұмыс бастан асады. Кейде тамақтану, тынығу деген ұмыт қалады. Мұнда да Әбжами белсенділігі, ұқыптылығымен жақсы қырынан танылды.
Сонымен 1942 жыл да жетті. Қақаған қаңтарда Әбжами соғысқа аттанды. Алғашқыда Оралда әскери даярлықтан өтті. Әлденеше ай машықтанып бөлімге түсті. Атақты Сталинград қаласын қорғауға қатысты. Осында қаланы қорғаушылардың теңдессіз ерлігіне қанықты. Қанның селдей аққанын, үзім нанның адам өмірімен тең болғанын көзбен көрді. Соғыс даласынан фашист басқыншыларының қару-жарақ, техникаларын тастап қашқандарын, тұтқын болып қолға түскендеріне куә болды. Әбекеңнің майдандағы жорық жолы Харьков бағытына ұласты. Бірнеше мәрте марапаттар иеленді. Кеудесіне жарқыратып медаль тақты.
Қыркүйекте Әбжами жарақаттанып госпитальға түсті. Есін тұтас тәуліктен кейін жинады. Өзін Жаратқанның бұйрығымен қалың өрттің ортасында аман қалған жалғыз қауырсын сияқты сезінді. Шынымен де солай еді, жаңбырша жауған оқтан аман қалу дегенің кез келгеннің тәлейіне бұйыра бермейтін. Қарулас талай жігітті қорғасын оқ жұлып түсіргенін ойласа көкірегі қарс айырылады. Тыл деген аты ғана. Мұнда да тынымсыз неміс ұшақтары күндіз-түні бомбалап маза бермейді. Жарылған мина, атылған оқ тыным таптырмайды. Әлденеше аптадан соң мұны Ақтаудағы, сәл кейін тау арасындағы госпитальға ауыстырды. Ақыры әскери сапқа жарамсыз деп танылды.
Әбжами құтты қонысымен сағына қауышты. Ауылда бала-шаға, қарттар ғана қалыпты. Елдің жағдайын байқап жәрдем жасауды жөн санады. Бел шеше еңбек етті. Сүт фермасына сүт жинаушы болды. Меже биігінен табылды. Егіс екті. Басшылар сенім артып бригадирлікке жоғарылады. Мал шаруашылығына ойысты. Тағы да өзгелерден оза шапты.
Алып бәйтеректей Әбжами ата өмірлік жары Айниет анамызбен бірге ұл-қызына тағылымды тәрбие сіңірді. Немере-шөбере сүйді. Қарт майдангер қабырғалы елінің амандығын, зеңгір көкті соғыс өрті шарпымауын тілейді.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |