ЖИТС-ҚА ҚАРСЫ КҮРЕС НАУҚАНЫ

Ағымдағы жылдың 11 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығы республика көлемінде Дүниежүзілік ЖИТС-қа (Вич) қарсы күрес кампаниясы болып жарияланды. 
Біріккен Ұлттар Ұйымы АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бағдарламасына сәйкес 2013 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы күрес компаниясының тақырыбы «Мақсатты бағытымыз  – нөл. Жаңа АИТВ-инфекциясы – нөл. Кемсіту – нөл. ЖИТС зардаптарынан болатын өлім-жітім – нөл» болып белгіленді.
Қазақстан республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты жұртшылықтың және АИТВ/ЖИТС мәселелеріне ықпал етуге мүмкіндігі бар саяси, қоғамдық, діни, тағы басқа ұйымдар басшыларының назарын аудару, елімізде АИТВ инфекциясы бойынша жағдайды жақсарту үшін күш жұмылдыру,  жастардың, көпшіліктің АИТВ мен ЖИТС-тың пайда болу себебі мен оның алдын алу мәселелері жөніндегі ақпараттық деңгейін көтеру болып табылады. Осы орайда республикалық, облыстық, қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталықтары, өзге де медициналық ұйымдармен, оқу орындарымен бірлесе  тұрғындар арасында, атап айтқанда, жастар, жүкті әйелдер, ата-аналар мен педагогтарды және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қатыстыра отырып түрлі шаралар өткізу жоспарлануда. 
Барлыбек БАТЫР.

ҚОҒАМ 16 қараша 2013 г. 1 176 0