« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Аймағымыздағы үкіметтік емес ұйымдарға қаржылай қолдау білдіріп отырған Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы «Лайықты қарттық» жобасын жүзеге асырып жатыр. Жуырда «IZET» қоғамдық қоры БҰҰ бағдарламасына орай "Жергілікті халыққа экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметтер көрсетуге инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы игілік пен өмір сүру сапасын көтеру” мақсатында «Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» мекемесіне физиотерапиялық кабинетті жабдықтайтын құралдар алып берді. Атап айтсақ, УЗТ Мед Теко, Алмаг, мүгедектерге арналған арба, оттегі конденсаторы, массаж креслосы, пескография құрылғысы мен шахмат, тоғызқұмалақ жиынтығы алынған. Бұл қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған лайықты қамқорлық еді.
Аталған жабдықтарды қолданысқа енгізу мақсатында физиотерапиялық кабинеттің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Осы мекемеде ем-дом алып жатқан қариялар мен кейуаналар жаңа құрылғылардың сапалылығына мән берді. Салтанатты рәсімнен кейін «Мүмкіндігі шектеулі жандарға ғимараттардың әлеуметтік инфраструктурасының қолайлы әдістемесі» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинар шараға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметкерлері, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметкерлері және мәдениет, білім, кәсіпкерлік, құрылыс басқармаларының өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Семинар-тренингтің мақсаты – әлеуметтік маңызы бар мекемелердегі пандустың мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықтап, стандартқа сай жасалуын үйрету және осы сала бойынша мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру болып табылады. Жетекші ғалым Н.Гелашвилидің баяндамасынан кейін қатысушылар көп мекемелердегі пандустардың қызметіне көңілдері толмайтынын жеткізді. Және де стандартқа сай емес кей пандустардын мүгедек жандар түгілі сау адам тайып жығылардай көріністері, кез келген мекеме басшысына ой салуы қажеттігі айтылды. Тоқсан сөздің тобықтай түйінін тарқатқан қатысушылар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын жоғары қоя отырып, құрмет білдіруге, мемлекет тарапынан жасалып жатқан игі шараларға тоқтала кетті.
Нұрбек Сағатұлы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |