« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазалыдағы «Шапағат» мүгедек балаларға арналған оңалту орталығында жаңажылдық ертеңгілік болып өтті. Әдеттегі дәстүр бойынша мекеменің тәрбиеленушілерін алғашқы болып «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының өкілдері құттықтады. Мұнайшылар мүгедек балаларға тәтті сыйлықтар, жұмсақ ойыншықтар тарту етті.
«Шапағаттың» тәрбиеленушілері әрбір Жаңа жылды айрықша сезіммен күтеді. «ПҚҚР» компаниясының қамқорлығындағы орталық балалары үшін бұл жылдар бойы қалыптасқан үрдіс. Ашылған уақыттан бастап «Шапағатта» медициналық-психологиялық-педагогикалық көмекке Қазалы ауданынан 320-дан аса мүгедек бала ие болды. Үстіміздегі жылы оңалту орталығында қойылған диагноздар бойынша төрт топта 44 мүгедек балаға жәрдем берілуде. «Үміт» тобында маман-педагогтар орталық жүйке жүйесінің және тірек-қозғалыс аппаратының қызметтері бұзылған сырқат жеткіншектермен жұмыс істейді, «Тілашар» және «Балдырған» топтарында есіту қызметі бұзылған және тілі мүкіс балдырғандарға көмек көрсетілуде. «Балауса» тобы алматылық «Кеңес» орталығының әдістемесі бойынша қызмет етеді, мүмкіндіктері шектеулі жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу шаралары арнаулы оқу бағдарламаларын игеру түрінде жүргізілуде.
Он екі жыл ішінде 54 тәрбиеленушіге кәдімгі және арнаулы білім беру мектептерінен білім алуға мүмкіндік беру «шапағаттың» басты жеңісі саналады. Мекемеде балалардың сауығып кетуі үшін тәуір жағдайлар жасалған. Бұл игі істе «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясының сіңіріп келе жатқан еңбегі ересен, ол алғашқы күндерден бастап-ақ «Шапағат» тәрбиеленушілеріне қамқорлықпен жанашырлық танытып келеді.
Жаңажылдық ертеңгілікте балақайлар мен олардың ата-аналарын, педагогтар мен тәрбиешілерді «ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс жүргізу бөлімінің менеджері Хұсейін Сәрсембаев құттықтады.
– Өзі құрылған уақыттан бері атқарып келе жатқан игі істерде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы облыстағы ардагерлерге, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбастарына, жетім балалар мен мүгедектерге көмек-қолдау жасауда, – деді Х.Сәрсембаев. – Қазіргі кезде мұнай-газ индустриясының арындап тұрған әлемдік дағдарысқа байланысты белгілі бір қиындықтарды бастан кешіріп отырғандығына қарамастан, «ПҚҚР» АҚ сырқат балақандарға көмек қолын созуды одан әрі де жалғастыра түспек. Ең алдымен – балалар бақытты болсын. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамы басшылығының атынан алда келе жатқан жаңа 2015 жылмен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Әрбір ересек кісі бүлдіршін кезінде таңғажайып нәрселерге балалық мөлдір көңілмен иланып, жаңа жыл қарсаңында Аяз Атадан сыйлықтар күтіп жүретіні белгілі емес пе?! Балақайлар мен олардың ата-аналарының барлық арман-тілектері орындалсын – олар бойларына жабысқан дерттерінен тезірек айығып кетсін!
– Өтіп бара жатқан ескі жыл оқиғаларға толы жыл болды, – дейді «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығының президенті Шынар Жеңсікбаева. – Бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Сонымен қатар, «Қызмет» жобасының іске асуы нәтижесінде қызмет көрсету орталығы жұмыстар жүргізуде – психолог мамандар, невропатологтар, заңгерлер, әлеуметтік педагогтар мүгедектікке ұшыраған балаларға тегін ақыл-кеңестер беруде. Ауданда олардың саны 360-тан асады.
«USAID», «АРГО» ұйымдарының және бастамаларды қолдау орталығының көмегімен «Зерделі» және «Даму» жобалары іске асырылуда – мүмкіндігі шектеулі балғын қыздардың арасынан тігіншілер мен аспаздарды даярлау бойынша оқу курстары өткізілуде.
Ертеңгілікке жиналғандар «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының басшылығына сырқат жеткіншектерге қамқорлық жасап келе жатқаны үшін үлкен алғыс сезімін білдірді.
«ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімі.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |