ӨМІРМЕН ӨРІЛГЕН ТӘЖІРИБЕ

Қaзipгi ғылым мeн тeхникaның қapыштaп дaмығaн кeзiндe oқу-бiлiм­нiң, coның iшiндe ел бoлaшaғы – бү­гiнгi мeктeп oқушыcының бiлiмi мeн тәpбиeci мaңызды мәceлe болып отыр­ғаны белгілі. Ауданда заман та­ла­бына сай мұғалімдердің кәсіби бі­лік­тілігін арттырудың деңгейлік курстарынан өткен жеті педагог «Оқу мен тәрбие үдерісінде сындарлы оқыту технологиясын ықпалдастыру» тақырыбында ұйымдастырылған аудандық семинарда өздерінің іс-тәжірибесін әріптестерімен бөлісті. Жаңашыл мұғалімдер тек ашық сабақ берумен шектелген жоқ. Олар сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын да жаңа әдіс-тәсілдер арқылы өрнектеп, жаңа буын – жас мамандармен, тәлім алушы мұғалімдермен де үйренері көп үздік жұмыстар көрсете білді.

Аудандық семинар «Ізденіске толы іс-тәжірибелер» тақырыбында әзірленген көрмемен танысу арқылы ашылды. ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілік арттыру бағдарламасы бойынша курсын тәмамдаған №95-ші мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Әлия Кеулімжайдың ұйымдастырған «Бөлінген көшбасшылық – тиімді басқару кілті» тақырыбындағы сұхбатында мектепті дамытуда көшбасшының рөлі және оның жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Сол сияқты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрлыбек Манатауов аудан көлеміндегі әріптестерімен жүргізген әңгімесінде еліміздегі білім беруді дамыту үшін маңызды факторларға тоқталды.

Қалжан ахун атындағы №95 мек­теп­те құрылған көш­басшылар тобының құрамындағы бірінші деңгейлі, жоға­ры санатты шығармашыл мұғалім Эль­мира Жексембиева мен үшінші деңгейлі Ержан Аманбайдың сабақтары ізденіс пен шығармашылыққа толы ерекше үлгіде өтті. Екінші сынып оқушыларымен өткен дүниетану саба­ғы әсіресе қатысушы әріптестердің қызы­ғушылығын туғызды. Сынып жетекшісі Қарлыға Қылышбайдың педагогикалық шеберлігі, ұстазға тән ұстамы мен ұла­ғаты тыңдаушылар көңілінен шықты.

Семинар барысында ерекше жұмыстар «Нысаналы сынып» деп танылған 9-сынып бойынша жүргізілді. Бірінші деңгейлі, жоғары санатты ұстаз Ұлжан Қожаметованың ұйымдастырылуымен өткен осы сыныптағы әрбір жұмыс тағылымға толы болды. Әсіресе, «Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбындағы тәрбие сағаты барысында еліміздің өткені мен қазіргісі, кемел келешегі оқушылардың өз туындыларында, шығармашылық жұмыстары арқылы баяндалды. Өмірмен байланыстырыла өрнектелген бұл сабақта даңқты бабамыз Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдық мерейтойы да қамтылды.

Семинарға қатысушылар үздіксіз ізденіс пен қажыр-қайратты, өлшеусіз еңбекті қажет ететін ұстаз еңбегінің әділ бағасын берді. Олар мектеп басшысы Оңталап Ма­хан­бетовтың тынымсыз еңбегін де атап өтті. Жақсы өткен семинар жұмысы ұжым мүшелерін ұрпақ тәрбиелеу жо­лындағы келелі істерге құлшындыра түскендей болды.

Г.РЕЙМБЕРГЕН.

Қазалы ауданы.


ҚОҒАМ 22 қараша 2014 г. 951 0