« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
өніміне отандық биологиялық тыңайтқыштардың әсері қандай?
Елбасы Жолдауында ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру екеніне маңыз берілген. Осы орайда агроөнеркәсіптік саласында инновациялық жобаларды іріктеу жөнінде 2014 жылға арналған конкурсына «Қолданбалы микробиология» филиалы облыс шаруашылықтарында отандық биологиялық тыңайтқыштарды кеңінен ендіру мақсатында жобаларын ұсынып, жұмыстар жүргізіп жатыр.
Оған «Фитобацирин», «Ризовит АКС» секілді отандық биологиялық тыңайтқыштар ұсынылып отыр. Мал азығы қорын қалыптастыруда түйежоңышқа мен жоңышқа дақылдарының маңызы өте зор. Дегенмен, назар аударатын мәселенің бірі түйежоңышқа мен жоңышқа өнімділігі. Бұл кемшілік негізінен дәннің өніп-өсуіне кедергі келтіретін сыртқы қабығының қатты болуына байланысты тұқымдық дәннің шығымдылығының нашарлығында болып отыр. Түйежоңышқа мен жоңышқа егілген алқаптың көп жағдайда себілген дәннің 50-60 пайызы өнбей қалады. Осы орайда филиал ғылыми қызметкерлері облыста «Жоңышқа және түйежоңышқа дақылдарының өнімділігін «Фитобацирин» және «Ризовит-АКС» биологиялық тыңайтқыштар көмегімен арттыру» жобасы арқылы жоңышқа және түйежоңышқа дақылдарының өнімділігін отандық биотыңайтқыштар көмегімен жақсарту жұмыстарын жүргізуде.
Өндірісте тұқымның шығымдылығын арттыру үшін механикалық скарификация жасайды. Алайда, бұл әдіс түйежоңышқа және жоңышқа дақылдарының тұқымына едәуір зиян келтіреді. Сонымен қатар, бұл әдіс, қосымша электр қуаты мен материалдық шығындарды талап етеді. Сондықтан қымбатқа түседі. Осыған орай тұқымдық дәннің өніп шығуын биологиялық жолмен алмастыра алатын «Фитобацирин» биотыңайтқышы механикалық скарификациялау әдісін толығымен алмастырады. «Фитобацирин» биотыңайтқышымен өңдеу дәннің өнуіне кедергі келтіретін сыртқы қатты қабығындағы целлюлозаның ыдырауына әсер етеді. Тұқымды биотыңайтқышпен себер алдында өңдегенде, өнгіштік үрдісін алмастыратын целлюлозалық тығыз қабатының жарылып тұқымның тез өнуіне мүмкіндік береді. Тұқым эндоспермасына судың, еріген минералды және қоректік заттардың жылжуы күшейеді. «Фитобацирин» биотыңайтқышымен дәнді өңдеп болғаннан соң, түйежоңышқа мен жоңышқа дақылдары дәндерінің шығымдылығымен қатар олардан алынатын өнімдерін арттыру және азотқа деген қажеттілігін өтеу мақсатында «Ризовит-АКС» биотыңайтқышымен өңдеу қажет. Яғни, бұл биотыңайтқыш аталған өсімдіктердің азотқа деген қажеттілігін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар келесі егілетін ауылшаруашылық дақылдарының азотқа деген қажеттілігін де толығымен қанағаттандырады.
Осы жобаны іске асыру мақсатында облыстың алты ауданында жүргізілген жұмыстар жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, дақылдардың өнгіштігі бойынша нәтижелері Қармақшы ауданындағы «Достық жер» ЖШС, Жаңақорған ауданына қарасты «Қожахан Ата» ШҚ, «Еркінқожа» ШҚ, Шиелі ауданы бойынша биотыңайтқыш қолданған «Мақсат» ШҚ, «Алтын дән Шиелі» ШҚ құрылымдарында оң нәтижесін көрсетті. Сондай-ақ, мұндай жұмыстар Сырдария ауданы «Мағжан и К» ЖШС, Жалағаш ауданындағы «Таң LTD» ЖШС, Қазалы ауданы «РЗА-Агро» ЖШС құрылымдарында атқарылды.
Ауыл шаруашылығын өз дәрежесінде дамытуға назар аударатын болсақ, тек қана минералдық тыңайтқыштармен әртүрлі қоспалар арқылы жоғары өнім алумен ғана шектелгеніміз дұрыс емес. Әр өңірдің табиғи және экологиялық ерекшеліктеріне байланысты топырақтың табиғи құнарын барынша сақтауға мүмкіндік жасайтын мемлекеттік тұрғыда маңызы бар жоба жасау және Елбасы жолдауына сәйкес ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру қажет.
Ерік ШОРАБАЕВ,
БжҒМ ҒК «Микробиология және вирусология институты» РМК, «Қолданбалы микробиология» филиалының директоры,
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |