СОТ ЖҰМЫСЫНЫҢ САПАСЫ АРТАДЫ

– Жаңа жылдан бастап пайдалануға бері­летін Қылмыстық кодекстің қазір­гі қолданыстағы кодекстен басты айыр­машылығы ең алдымен құрылымдық өзгешелігінде дер едік. Бүгінгі қолда­ныстағы кодексте 393 бап болса, жаңа кодексте 467 бап бар. Яғни, онда бұ­рын қамтылмаған жаңа түсініктер мен қылмыстық жа­уап­кершіліктердің бар­лы­ғын бағамдаймыз. Жаңа кодекстің жал­пы бөлімі қазіргі қолданыстағы ко­декстен көп өзгермеген. Ол 7 тараудан тұрады, дегенмен, қо­сым­ша үш бап қо­сылған. Ал, негізгі өзге­рістер негізгі бөлімнің еншісіне тиеді. Қолданыстағы кодекстің негізгі бөлімі 17 тарау болса, жаңа кодекс 18 тараудан тұрады. Қо­сым­ша «медициналық қылмыстық құ­қық­бұзушылық» деп аталатын жаңа тарау қосылған.

Басты өзгешеліктің бірі ретінде қыл­мыстық жауапкершілікке байланысты жаңа түсініктердің қосылуын атап өткі­міз келеді. Аса ірі және ірі көлемде за­лал келтіру түсінігімен бірге ұсақ за­лал келтіру түсінігі енгізілген, адам денсаулығына залал келтіруді дәреже­леу­де де бірқатар жаңа өлшемдер қосыл­ған. Жемқорлық қылмысты саралауға 21 қылмыстық әрекет түрлері енгізілген. Мұның бәрі бұ­рын­ғыдай қылмыстық әре­кеттің бәрін бір топқа жатқыза сал­май, оның деңгейіне қарай саралап, жаза мөлшерін соған сай тағайындауға үлкен мүмкіндіктер береді. Жаңа Қылмыстық кодексте осындай 41 жаңа қылмыстық әрекет түсінігі келті­рілген.

Қылмыстық кодекстегі ең басты жа­ңа­лық ретінде қылмыстық жазаға тар­тылуға жатқызылатын әрекеттерді екі буынды деңгейде қарастыруды атап өту­ге болады. Бірінші буынға қылмыс жатқызылса, екінші буынға қылмыстық әрекет жатқызылады. Қылмыстық әре­кетке қылмыстық заңдарды бұзу және қоғамға қатер төндіретін әрекеттер жат­қы­зылады. Мұндай әрекеттер әкім­шілік жауапкершілікке ұшырататын әре­кет­терден қатерлілеу және қылмыспен са­лыс­тырғанда залалсыздау.

Тағы бір жаңалық, қолданыстағы кодексте үш түрлі қауіпті қылмыскер (рецидив) түсінігі қарастырылса, енді екі түрлі қауіпті қылмыскер түсінігі бол­мақ. Ол: қауіпті қылмыскер, аса қау­іпті қыл­мыскер.

Жаңа Қылмыстық кодекс­те айыппұл төле­ту ар­қылы жазаға тар­ту­ басымдығы қарас­тырылған. Айып­пұл мөлшері қол­­­да­ныс­тағы заңмен са­лыс­тырғанда едәу­ір арт­ты­рылған.

Жалпы алғанда, жаңа Қылмыстық ко­дексте қылмыстық заңбұзушылық үшін жауапкершілік жан-жақты ай­қын­далып нақтыланған. Мұның өзі су­дьялардың жұмысын оңайландырып қа­на қоймай, сот шешімі сапасының ар­туына да игі ықпалын тигізеді деген се­нім бар.

А.СҰЛТАНБЕКОВ,

Қызылорда қаласының

№ 2 сотының судьясы.
ҚОҒАМ 20 қараша 2014 г. 807 0