« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Тарих дерегі Сыр өзені жағалауының жүздеген жылдар бойы ұлтымыздың ұясы болғанын дәйектейді. Сондықтан осы бір киелі мекенде өмір сүріп жатқан жандар бойынан адамгершілік, мейірім төгіліп тұрады. Нарықтық қатынас қаншама жерден есепке жүйрік бол, бірді екіге көбейте біл дегенімен адамгершілік аясынан шығуды насихаттамайды. Жақында Сыр өңіріне, оның ішінде Шиеліге Америкадан Тереза есімді келіншек отбасымен қыдырып келді. Тереза Шиеліге тонның ішкі бауындай жақын адам. Өйткені, ол осыдан оншақты жыл бұрын осында үш жыл тұрып, №45 Ақорда мектеп-гимназиясында тіл алмасу бойынша Бейбітшілік корпусы бағдарламасымен волонтерлік қызмет еткен болатын. Ол мектеп-гимназиясында ұстаздық етумен бірге, қазақ тілін, салт-дәстүрлерімізді үйренді. Бұл туралы облыстық «Сыр бойы» газетінде бірнеше рет жазылды.
Тереза Пампер біршама уақыттан бері өз еліне оралып, мамандығына сай қызмет атқарып жүр, сонда да әлі күнге дейін мектеп ұжымымен, оқушыларымен, достарымен байланысын үзбей, хат-хабар алмасып тұрады. Америкада ол тұрмысқа шығып, екі қызды болыпты. Жақында бір кездері өзі еңбек етіп, мекен еткен жерге келіп, қызметтестерімен қайта қауышты. «Сыр өңірі – асыл мекен, адамдары да сондай жақсы, мұхиттың арғы жағынан келген бізді жатсынбай кезек-кезек қонақ етуде, – дейді ол шиеліліктердің мейірімге толы жүздеріне қуана қарап. Біздің өңірді сыйлағаны соншалық қыздарының есімдерін қазақшалап, бірін – Жансамал, екіншісін – Құралай деп атапты. Бұл оның елге деген, жерге деген құрметі екенін сезіндік.
Терезаның келуі мектеп оқушылары мен ұжымдастарын да қатты қуанттты. Ол мектеп музейін аралап, өзі дайындап кеткен еңбектерін көрді. Жұбайы екеуі мектеп-музей кітабына арнайы өз қолтаңбаларын қойды. Сонымен қатар, мектеп оқушыларымен арнайы кездесу өткізді.
Тереза небары 32 жасында профессор атағын алып үлгерді, қазір испан әдебиеті, 17 ғасыр әдебиетінің діні, жаратушының махаббат лирикасы жөнінде диссертацияларын жазу үстінде екен. Испан тілінен университетте сабақ береді.
Қазақстаннан кеткеніне 8 жыл өтсе де, әлі күнге дейін қазақ тілін, бірге қызмет жасаған ұжымдастарын, достарын бір сәт естен шығармаған. Тіпті сыйға алған ұлттық нақыштағы қазақ оюларымен безендірген қол сөмкесін әлі де тұтынады екен. Өзі американдық болса да, мен қазақпын, руым – қыпшақ деп мақтана әзілдейтіні бар.
Қазақ елін өз елім деп білетін Терезаның әрекетіне біз де іштей қуанып қалдық.
Бифат НҰРМАХАНҚЫЗЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |