ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНА ХАЛЫҚ ҚОЛДАУЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНА ХАЛЫҚ ҚОЛДАУЫ

НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ

Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қа­зақ­­стан халқына арнаған әр жылғы Жолдауы тұғыры биік Тәуелсіз Отанымыздың тарихындағы айтулы кезең болып табылады. Елбасымыздың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы «Қа­зақстан - 2050» даму стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды қадам ретінде ерекшеленеді. Жолдауда Елбасы қазіргі кезеңде әлемде жалғасып жатқан жаhандық экономикалық дағдарыс жағ­дайында қоғамымыз бен экономикамыздың тұрақты дамуы, азаматтарымыздың әл-ауқаты мен өмірлік мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын «Нұрлы Жол» атты жаңа экономикалық саясатын жариялады.

Жаңа экономикалық саясаттың өзегі – жеті бағыт бойынша Инфрақұрылымдық даму жоспары. Олар – көліктік, индустриялық, энергетикалық, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты сумен және жылумен жаб­дықтауды жаңғырту.

Кезінде Елбасының тікелей шешімімен еліміздегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы жайсыз жағдайлардан қорғау мақ­­са­тында құрылған Ұлт­тық қорда осы кезге дейін жи­нақталған қаржы көздерінің бір бөлігі осы жеті бағыт бойынша экономиканың нақты мәселелерін шешуге жұмсалатын болады.

Жолдауда білім және ғылым саласына, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамы­туға ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, апатты мектептер мен үш ауысымда оқы­ту проблемаларын шешуге қосымша 70 миллиард теңге, мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттау көзделген. Сонымен қатар, Индустрия­лан­­дыру бағдарламалары шең­­­бе­рінде базаларында ғы­­лымның экономика са­ла­­ла­рымен және мамандар дайын­даумен қамтамасыз еті­­летін жоғары оқу орындары анықталып, олардың ма­териалдық-техникалық ба­за­­­­сын қалыптастыруға 10 мил­­­лиард теңге бөліну қарас­тырылған.

Дана халқымызда «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қанатты сөз бар. Қазіргі уақытта әлемнің барлық дамыған елдері білімге, ғылымға барынша көңіл бөлуде. Сондықтан, еліміздің білім беру жүйесі деңгейін әлемдік стандарттарға сәйкес­тен­діру замана талабынан туындап отыр. Отандық білім беру жүйесі ең алдымен жаңа технологияларды батыл қолданатын, еңбек өнімділігін тұрақты арттыратын, үздік әлемдік стандарттар негізінде жұмыс жасайтын мамандар даярлауға басты назар аударуы қажет. Ол мамандар өз кезегінде қоғамның сұранысына сәйкес мөлшерде даярлануы тиіс.

Елбасының бастамасымен 2012 жылдың соңына таман құрылған, бұрынғы Кеңестер Одағы елдері арасында ешқандай аналогы жоқ «Өрлеу» Біліктілікті арттырудың Ұлттық Орта­лығында, оның барлық филиалдарында мұғалімдердің біліктілігін арттыру әлемдік тәжірибе мен мектептердің бүгінгі таңдағы талаптарына сәйкес жаңа технология Кембридж бағдарламасы бойынша өтуде. Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі – мұғалімдерді оқушы­лар­дың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын және функцио­налдық сауаттылықты қалып­тастыруға, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлы белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу процесін ұйымдастыруға қажетті біліммен және білікпен қамтамасыз ету. Аталған бағдарлама бойынша екі жылдан бері институтта 1270 мұғалім курстан өтсе, біліктілік емтиханын тапсыру көрсеткіші 99,85 пайызға тең.

"Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұжымы Жолдауды Қазақстанның түпкі дамуының бағдары, елімізді нұрлы болашаққа бастайтын стратегиялық жоспар деп қабылдады.

Мемлекет басшысы Қа­зақ­стан халқына арнаған был­тырғы Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыздың «Мәңгілік Ел» идеясын Қазақ елінің Ұлттық идеясы ретінде жарияласа, биылғы Жолдауда «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келе­шегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі... Жаңа қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы» - деп тұжырымдаған.

Елбасы Жолдауында көр­се­тілген асқаралы міндет­тер­ді абыроймен орындау – әр­бір қазақстандықтың Отан ал­дындағы перзенттік борышы!

Бауыржан ЕЛЕУСІНОВ,

"Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру

институтының директоры, профессор.


 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЖАСАЙДЫ

Елбасының «Нұрлы жол – бола­шақ­қа бастар жол» атты Жолдауында Мемлекет басшысы әлемдегі геосаяси қайшылықтардың себебін талдай отырып, осыдан туындайтын міндеттерді нақтылады.

Президент әрдайым ел үшін ауыр кезеңдерде қиыншылықтан шығу жолдарын ұсынып, жауапкершілікті өз мойнына алатындығын атап өткіміз келеді. Қазіргі экономика үшін ауыр кезеңдерде инфрақұрылымды дамыту, экономиканы жандандыру ең тиімді құрал болып саналады.

Сондықтан Жолдауда еліміздің инфрақұрылымының әртүрлі салаларын дамыту жан-жақты қамтылған. Яғни, бұл тек қана транспорт-логистикалық инфрақұрылым ғана емес, сонымен қатар, индустриалды-энергетикалық, тұрғын-үй және т.б. инфрақұрылымдар жүйелері болып отыр. Сондай-ақ, орта және шағын бизнесті қолдаудың арнайы іс-шаралары атап көрсетілді.

Еліміздің дамуы үшін аса маңызды мәселе, Қазақстанның Еуропа мен Азияны жалғайтын халықаралық автодәліздеріне белсенді қатысуы болып табылады.

Елбасы «Екібастұз – Семей – Өс­кемен» және «Семей – Ақтоғай – Тал­дықорған – Алматы» бағыттарында жо­ғары вольтты желілер салу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту мақ­сатында инвестициялар салуға Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ, жеке инвесторларды тарту арқылы ұзақмерзімді инвестициялық тарифтер ұсыну қажеттілігін айрықша атап өтті. Тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу үшін ондай жобаларды мемлекеттің қосымша қаржыландыруы қажеттігіне, осыған байланысты жылу және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту қарқынын жеделдету үшін бюджетте қарастырылған қаржыға қосымша жыл сайын 100 миллиард теңге бағыттауды міндеттеді.

Елбасы Жолдауы әрқашан еліміз үшін маңызды мәселелерді қамтып келеді. Осы жылғы Жолдауда экономикалық мәселелер бас­ты маңызға ие болғаныменен, Президент тұрақтылықтың негізі – еліміздің әлеуметтік, рухани-мәдени мәселелерін де атап айтып, «Мәңгілік Ел» идеясының қазақстандықтар үшін маңызын толығымен түсіндіріп өтті. Сонымен бірге келесі жылы Қазақ хандығының 550-жылдығы, Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы атап өтіледі.

Президент Жолдауы бізге – атқарушы билік өкілдеріне тиісті міндеттер жүктейді. Бұл орайда департаментте нақты іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

 

Нұрлан ПІРІМОВ,

Қр Ұлттық Экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу

және бәсекелестікті қорғау комитетінің

Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы.


 

 

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ЖАСТАР АРАСЫНДА

 

Қала әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топтың ұйымдастыруымен «Болашақ» университетінде жастармен кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты жастарды Елбасының "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” атты жаңа Жолдауымен таныстыру, Жолдау туралы түсінік бере отырып, жан-жақты талқылап, ой бөлісу, жастардың ойлау, саралау, өз пікірлерін ортаға салу қабілеттерін арттыру болып табылады.

Кездесуде «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мәстеков Жолдаудың ерекшеліктері мен мақсаттарына тоқталды. Сондай-ақ, кездесуге қатысқан облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Сайлаубай Әбішов Жолдаудың маңызы жөнінде, ондағы басым бағыттар туралы әңгімеледі.

Ақпараттық топ құрамында «Нұр Отан» пар­тиясының қалалық филиалы төрағасының бірін­ші орынбасары Мақсұт Баекеев, «Болашақ» университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Мұрат Насимов Жолдаудың міндеттерін таныстырды және жастармен ой бөлісті. Белсенді жастар өздерін қызықтырған сауалдар қойды, оларға тұшымды жауаптар берілді.

Ақпараттық-насихаттық топтың қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы кездесулері жалғасатын болады.

Барлыбек БАТЫР.


 

 

БІРЛІК АЛМАС БИІК ЖОҚ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылдың 11 қарашасындағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің жақын келешектегі даму бағыттарын айқындады.

Биылғы Жолдау – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығын нығайтатын шын мәніндегі тарихи құжат. Бұл дәстүрлі Жолдаудың ерекшелігі елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайымен бірге халық бірлігі мен татулығын басты назарға қоюы. Осы орайдағы, Елбасының: «Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз», – деген сөзін әрбір қазақстандық жадына сіңіре білуі тиіс.

Тарихтың жазуыменен қазақ жеріне қоныс аударған көптеген ұлттарға қазақ халқы бауырмалдық танытып қана қойған жоқ, оларға барынша демеу болып, қолдау көрсетті. Біздің байтақ даламызда олардың ұрпақ өрбітіп, өсіп-өркендеуіне жол ашты. Бүгінгі көпұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімнің болуы, ең алдымен, қазақ халқының ұлылығын танытса керек. Қазақтың қонақжайлығы мен дархан мінезіне өзге ұлттар үнемі өз алғыстарын айтып, өздерінің жоғары бағасын беріп келеді.

Жолдауда Елбасы қазіргі замандағы даму үдерістерінен қалып қоймай, әлемдегі өзіміздің лайықты орнымызды иелену үшін жастармен тығыз жұмыс жасауымыз қажеттігіне баса назар аударды. Елбасымыздың: «Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз», – деген сөзінде терең мән-мағына жатыр. Жастармен байланысты іске асыру мақсатында Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының жанынан Жастар қанатын құру қолға алынды. Қазіргі таңда облыстағы өзге ұлт өкілдері арасынан 100-ге жуық белсенді жастың тізімі жасалды. Жастар қанатын қоғамдық бірлестік ретінде тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

Елбасы Жолдауда еліміздің рухани-мәдени мәселелеріне айрықша назар аударып, «Мәңгілік ел» идеясының қазақстандықтар үшін маңызын толығымен түсіндіріп өтті. Келер 2015 жылы өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70-жылдығы барша қазақстандықтар үшін аса маңызды іс-шара болып табылады.

Ендеше, Елбасы Жолдауындағы белгіленген мақсаттарды жүзеге асыруда әрбір қазақстандық атсалысуы қажет. Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы, келешегі кемел. Әрдайым осы бірлігімізден айырылмай, татулығымыздан танбай, болашаққа бірге қадам баса берейік. Ел тыныштығының тұнығы бұзылмай, бейбіт елдің берекесі арта берсін!

 

Рахима Ахметова.

«Қызылорда облысы әкімі

аппаратының қоғамдық келісім орталығы» КММ-нің директоры.


 

АЛТЫН ҒАСЫРДЫҢ КӨКЖИЕГІ

Елбасының биылғы Қа­зақ­­стан халқына Жолдауын тебіренбей оқу мүмкін емес. Бұл Жолдаудың әр­бір қатарында ертеңгі күн­ге деген терең сенім әрі болашақтың бағдаршамы ай­қын сезіледі, жан жадырайды, көңіл сергиді, әрбір адамның еңбекке деген құлшынысын одан әрі оята түсу тұжырымдары айқын байқалады.

Болашақта туған жер түлейді. Көліктік-логис­ти­ка­лық, энергетикалық-ин­дустрия­лық инфрақұрылым дамиды, тұрғын үй құ­ры­лымы жаң­ғырады, әлеу­меттік инфра­құрылым­дардағы өзгерістер серпіліс туғызады, шағын және орта бизнесті қолдау өрістейді. Міне, осының бәрі біздің ертеңгі көкжиегіміздің барометрі.

Бүгінгі Сыр өңірі Елба­сының қолдауымен жылма-жыл биікке көтерілуде. Қаланың орталығы гүлдене, көріктене түсуде. Елдің еңбекке деген ықыласы айрықша. Дән мен төрт түлік мал өсірген өңір соңғы жылдарда игі қадамдарға бет бұрды. Биыл Сыр күрішінен мол өнім жиналды, қамбаға астық мол құйылды.

Таяу жылдарда Сыр бойында өндіріс орындары құлашын кең жайғалы отыр. Резина өңдеу, шыны зауыттарының құрылысы басталды. Бұл жоба толық іске асқан сәтте жылына 200 мың тонна шыны шықпақшы.

Елбасымыз Арал тағ­дырына айрықша көңіл бөлумен келеді. Сон­дық­тан да қазір бір кезде 74 шақырымға шегінген көгілдір айдын 17 шақы­рымға жақындады. Қысқасы, толқынды Аралдың келбеті өзгеріс құшағында. Бұл – Елбасының дүниежүзілік бан­кімен келісім жасап, Аралдың солтүстік бө­лі­гін құтқаруға күш-жігер жұмсауының айғағы.

Нұрлы жол – біздің нұрлы жолымыз. Біздің ұжымның әрбір мүшесі Елбасының бұл Жолдауын айрықша сезім құшағында қарсы алып, әрбір қатарына зер сала көңіл бөлуде. Ұлттық сараптау, сертификаттау жүйесін жетілдіріп, көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруды басты назарға қойып отыр. Әрбір мекеме, өндіріс орындарында мемлекеттік стандарт жүйесінің қыз­метіне жұртшылықтың сені­мін, ықыласын молайтуды қолға алудамыз. Бұл сөз жоқ, Елбасы Жолдауының алға қойған міндеттеріне белсенділік танытудың басты мақсатына айналады. Алтын ғасырдың көкжиегі басталды.

Әбдіғаппар ӘМІРҒАЛИҰЛЫ,

Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы АҚ Қызылорда филиалының

директоры,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының

кандидаты.
ҚОҒАМ 20 қараша 2014 г. 2 356 0