« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Сенбі күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы саябақта "Руханият және дәстүр” айлығы аясында "Рухани келісім – бейбітшілік пен тұрақтылық кепілі” атауымен ағаш отырғызу рәсімі болып өтті. Облыстық дін істері басқармасының қолдауымен өткізілген шараға аймақтағы діни бірлестік жетекшілері қатысты.
Ағаш отырғызуға 130-дан астам көшет дайындалып діни бірлестік жетекшілері, мешіт имамдары, мешіт жамағаттары, зиялы қауым өкілдері барлығы 60 адам атсалысты.
Елбасымыз айтқандай: «Үдеудің бірі бірлікте, жүдеудің бірі алауыздықта» дегендей, барша жиналған қала тұрғындары бірлікпен ұйымшылдық танытты. "Атаңнан мал қалғанша – тал қалсын” ұранын ұстанушы еріктілер аталған шарада белсенділік көрсетті.
Дүниетанымымызға тән тарихымыздан тағылым алған салт-дәcтүрімізді жаңғырту және дін саясатының тұрақтылығын сақтай отырып, түрлі діни бірлестіктер өкілдерінің мемлекетіміздің өркендеу жолында ымыра мен ынтымақта болуы аталмыш шараның басты мақсаты саналады.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |