ЖАҢА ҚЫЛМЫСТЫҚ АКТІЛЕР

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында "Қазақстан Республикасы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің жаңа моделіне көшу” тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен бас­қо­суға прокуратура органдары мен сот жүйесі, ішкі істер, қаржы полициясы, Ұлттық қауіп­сіздік, кедендік бақылау депар­таменттері, құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ университеттің оқы­ту­шы-профессорлары мен сту­дент­тері қатысты. Шараның мақсаты – жаңа қылмыстық актілерді қол­дану, құқықтық жүйенің жа­ңартылған жағдайда тиімді іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету бойынша шаралар мен ұсы­нымдарды пысықтаудың мәсе­лелерін бірлесіп талқылау.

Жиынды сөз сөйлеп ашқан облыс прокурорының орынбасары Руслан Райханов аталған кодекстердің маңыздылығына тоқ­талып өтті.

Бұдан соң облыстық про­ку­ра­тураның 2-ші басқарма бас­тығы Ерлан Қожановтың "ҚР жаңа қылмыстық кодексінің ерек­­шеліктері”, 10-шы басқарма бастығы Жақсығали Нұрашевтің "ҚР қылмыстық-процестік ко­дексі­нің ерекшеліктері”, 4-ші бас­қарма басшысы Дастан Құн­дыз­баевтың "ҚР жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі”, облыс прокурорының аға көмекшісі Мейрамхан Ибрашевтің "ҚР қылмыстық ат­қа­ру кодексінің ерекшеліктері”, облыс бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ау­дан­аралық сотының төрағасы Бақытжан Қалымбетовтің "ҚР қылмыстық кодексіндегі гуманизм қағидасының басымдығы”, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың кафедра меңгерушісі, заң ғы­лымдарының кандидаты Ерлан Алтаевтың "ҚР қылмыстық кодексінің негізгі басымдықтарын білім алушыларға түсіндіру мәсе­лелері” тақырыбындағы баяндамалары тыңдалып, талқыланды.

Шара барысында сонымен бірге жаңа қылмыстық-құқықтық институттарды құру мәселелері, сотқа дейінгі іс жүргізуді же­ңілдету, қылмыстық іс жүргізу прак­тикасына прогрессивті жаңар­туларды енгізу, оның ішінде про­цес­суалдық прокурор, тергеу судьясы институттарын енгізу мә­се­лелері әңгіме өзегіне айналды.

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.


ҚОҒАМ 13 қараша 2014 г. 744 0