« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өткен аптада Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен "Зайырлы мемлекет – ұлт пен дін тұтастығының кепілі” тақырыбында республикалық семинар өтті.
Оңтүстік Қазақстан облыстық дін істері басқармасы мен "Үміт” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен алқалы жиынға Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары дін істері басқармалары мен дін мәселелерімен айналысатын орталықтар қызметкерлері, дінтанушылар мен ғалымдар, "Дінтану негіздері пәні” мұғалімдері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Көп ұлттылығымен қатар көпконфессиялы Тәуелсіз еліміздің діндераралық келісім мен үнқатысудағы құнды тәжірибесі әлем назарына ілігіп отырғаны белгілі. Бүгінгі күні Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде діннің игілікті рөлі артып, оның имандылық рухани және әлеуметтік функциялары да күшейе түсуде. Дінге сенушілердің, діни нанымдағылар мен діни бірлестіктердің тұрақты түрде қатары өсуде.
Семинарды сөз сөйлеп ашқан Оңтүстік Қазақстан облыстық дін істері басқармасының басшысы Батырбек Жалмұрзаев көтеріліп отырған мәселенің маңыздылығына тоқтала келіп, қазіргі таңда оңтүстік өңірде 11 конфессияға енетін 59 діни бірлестік пен 781 діни бірлестіктер филиалдары жұмыс жасап жатқандығын жеткізді. Бұл көрсеткіш республика бойынша 33 пайызға тең. Аталған филиалдардың 778-і исламдық, қалған үшеуі христиандық бағыттағы құрылымдар көрінеді.
Шара барысында Оңтүстік Қазақстан облыстық дін істері басқармасы жанындағы әлеуметтік бастамалар орталығының директоры Нұржан Тұрсынбай "Зайырлы мемлекеттегі діннің орны”, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек "Дәстүрлі діндердің қоғамдағы рөлі”, Жамбыл облыстық дін істер басқармасы жанындағы дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері, дінтанушы Сержан Құлтаев "Қазақстандағы діни тұрақтылықты жетілдірудің институционалдық тетіктері”, Қызылорда облыстық дін істері басқармасы жанындағы дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Бахытжан Камалов "Қазақстан-этноконфессияаралық келісімнің ордасы”, ОҚО дін істері басқармасы жанындағы әлеуметтік бастамалар орталығының бөлім басшысы, дінтанушы Асылбек Төлегенов "Дін бірлігі – ұлт бірлігі” тақырыбында баяндамалар жасады. "Нұр мұра” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдолла Бақадыр, "Қамар” қайырымдылық қорының төрағасы Амангелді Есей қаралып отырған мәселелер бойынша ойларын ортаға салды.
Семинар соңында оған қатысушылар өзара пікір алмасып, өздерін толғандырып жүрген сауалдарға дін өкілдерінен тұшымды жауаптар алды.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |