« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасы Н.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен энергияны үнемдеуге ерекше көңіл бөлу керектігін тапсырған болатын. Мемлекет басшысының сол тапсырмасына орай ҚР Үкіметі "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылға дейінгі бағдарламасын” қабылдады. Осы бағдарламада энергия үнемдеуге айтарлықтай басымдық берілген. Әрі бұл мәселе облыс басшылығы тарапынан қолдауға ие болып, бұл бағытта кең көлемдегі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде энергияны үнемдеу саясатын насихаттау ісі де басты назарда тұр.
Жалпы, энергияның сарқылатын түрлерінің басым көпшілігі бүкіл әлем бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында кеңінен қолданылады. Мұның жарқын дәлелі 2012 жылдың 13 қаңтарында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Заңның негізгі мақсаты ел экономикасының барлық салаларында энергия үнемдеуге жұмыс жасау болса, бұл игілікті істі халық арасында кеңінен насихаттаудың орны бөлек.
Энергия үнемдеу саясатын бұқараға кеңінен насихаттау жұмыстары 2009 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы тарапынан іске асырылып келеді. Осы жылдар аралығында қаншама жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерінің арасында семинарлар, тренингтер, тағы басқа іс шаралар өткізілді. Жастар арасында ғана емес, жергілікті атқарушы органдар мамандарының және де қала тұрғындарының қатысуымен түрлі шаралар жалғасын табуда.
Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру барысында еліміздің үш қаласында, яғни Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларында энергия үнемдеу деңгейі жоғары құрылыс материалдарымен тұрғызылған энергия үнемдеу орталықтары ашылды. Осыған орай, Қызылорда қаласынан да жоғары оқу орындары жанынан орталық ашуға тапсырмалар берілген болатын. Тапсырманы жүзеге асыру барысында орталықты Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанынан ашу жөнінде ұсыныс берілді. Қазіргі таңда осы мақсатта үш жақты консорциалды келісім-шарт жасалу үстінде. Оған университет тарапынан 5-ші ғимаратынан төменгі қабатта орналасқан аудитория бөлініп отыр. Осы аудиторияны жабдықтау барысында жаңа заманауи энергия үнемдейтін құрылғыларды шығаруға көңіл бөлініп, қаламызда орналасқан өкілдіктермен келісім-шарт жасалу үстінде. Орталықтың басты мақсаты қала тұрғындарына және жастар арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу барысында семинар, тренингтер, көрмелер ұйымдастыру болып табылады.
Елбасы бастамашы болған идеяны кеңірек таныстыру үшін жұмыстардың бірі «Энергия үнемділік плюс тиімді жеке меншік иесі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың табысты негізі» атты республикалық акция өткізілді. Акцияны өткізуге облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев көп қолдау жасады. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Жастарды қолдау орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, қалалық білім бөлімі үлкен үлес қосты. Акцияның өту барысында викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген қатысушыларға сыйлықтар таратылды.
Бүгінгі күнге соңғы жаңалықтардың бірі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы жаңа «Тұрғын үй шаруашылығы саласы мамандарының біліктілігін арттыру» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында жұмыстар жасауда.
Тұрғын үй саласында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарылату үшін кондоминиум объектілерін басқару органдары басшылары мен мамандарының, жергілікті атқарушы органдар мен тұрғын үй инспекциялары мамандарының, тіршілікті қамтамасыз ету және сервис қызметі өнімдерінің, құзыреті мен білім деңгейін арттыру қажет. Біліктілікті арттыру курстары тұрғын үйлердегі энергияны үнемдеу: тиімді басқару және энергия үнемдеу технологияларын қолдану, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару кезіндегі ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық және энергия үнемдеу аспектілері мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия менеджменті, энергия аудиті және энергия үнемдеу секілді тақырыптарды қамтиды.
Тағы айта кететін жағдай, орталықтың жанынан Колл-орталық ашылды. Колл-орталықтың басты мақсаты Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу мен қаржыландыру механизмдерін, сызбасын түсіндіреді. Оны әрбір адам осы колл-орталыққа хабарласу арқылы біле алады. Әрі мұндай қызмет тегін көрсетіледі.
Ғалымжан Далабаев,
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиал директоры.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |