ҚАЗАҚСТАН ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты биылғы Жолдауында: "Біз энергетиканың дәстүрлі түрлерін дамытатын боламыз. Жылу-электр стансаларынан шығатын қалдықтарды тазарту жөніндегі ізденістер мен жаңалықтарға, өндіріс пен тұрмыста жаңа технологиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеуге қолдау көрсету қажет.

Таяуда Еуроодақтың ірі ком­па­нияларының алғашқы ондығы Еуроодақтың әйгілі жасыл эко­номика тұжырымдамасы негізінде қабылданған энергетикалық стра­тегиясына қарсылығын жария­ла­ды. Еуроодақ оны жүзеге асыр­ған төрт жылда 51 гигаватт энер­гия қуатын жоғалтты. Жасыл эко­номика бағдарламасымен жұмыс жүргізе отырып, біз осы қателікті ескеруіміз керек” – деді. Ұлттық экономиканың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрі өнеркәсіптің басқа салаларын дамытудың басты базасы – энергетика.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасын дамыту жө­ніндегі 2010-2014 жылдарға ар­налған бағдарламасы тұжырым­дамалық сипатқа ие және елі­міз­дің 2020 жылға дейінгі Стра­те­гия­лық даму жоспары мен елді үдемелі индустриялық-инно­ва­­­ция­лық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мем­­лекеттік бағдарламаны іске асы­­ратын стратегияның негіз құ­рау­­шы бөлігінің бірі ретінде әзір­ле­неді.

Президенттің айтуы бойынша, алдағы уақытта Қазақстан электр энергетикасына қаржы салуға ең ыңғайлы нарықтың бірі болмақ. Сондай-ақ қазір Қазақстанда энергетика саласына инвестиция тартумен қатар, қалпына келетін энергия көздерін дамыту ісіне де көп көңіл бөлініп отыр. Еліміздегі энергияның 75 пайызы көмірдің көмегімен, 12 пайыздан астамы газ­ды-мазуттан, 9 пайызы су электр стансалары арқылы өнді­ріледі.

Жалпы, жаңартылатын энер­гия көздері дегеніміз не? Жа­ңар­тылатын энергия көздері – бұл өз-өзінен жаңарып тұратын, жел­ден, судан, күннен алынатын та­биғаттың таза энергиясы. Мұндай таза энергияға көшуге адамзат қаншалықты мүдделі? Баламалы қуат көздерін жаппай пайдалану қашан жүзеге аса бастайды? Әри­не, мұндай сауалдар кез келген елді ойландыратыны белгілі. Өйт­кені, энергияны, оның ішін­де де болашақ энергиясын ойла­майтын мемлекет жоқ.

Қазақстанның қазіргі энер­ге­тикалық теңгерімінде ЖЭО ар­қы­лы өндірілетін электр энер­­гиясы 88 пайызды, гидро­электр стансаларының өнімі 12 пайызды, ал балама энерге­тика­лық қуат көздерінен алына­тын электр энергиясы 0,02 пай­ыз­ды ғана құрайды екен. Ен­де­ше, осы бағытты қолдауға ба­рын­ша назар аудару қажет. Ал жа­ңар­тылатын энергия көздерін да­мыту жобалары бойынша бізге бел­гілісі Оңтүстік Қазақстан об­лы­сының Кентау қаласында жә­не Қарағанды облысының Шет ау­да­нында жел электр стансалары ор­натылған.

Әлемдік тәжірибеде күн энер­гиясын пайдалану да тиімді әдіс­тің бірі саналады. Еліміздің та­биғи жағдайы күн энергиясын да­мыту үшін аса қолайлы екен­дігі баяғыда-ақ дәлелденген бо­ла­тын. Мәселен, оңтүстік өңір­лерде жүргізілген зерттеулер қо­ры­тындысы күн сағаттарының са­ны жылына 2200-2300 сағатқа же­тетіндігін көрсетті. Жалпы, әлем­де күн энергиясын электр ре­тінде қолдануы шынайы жү­зеге асуы үшін, ғалымдарға көп­теген кедергілерден өту ке­рек болды. Тек қана қазір 100 жыл­дан астам уақыт өткеннен кей­ін ғана, күн энергиясын электр­лік қолдану мәселесімен ай­на­лы­сатын жаңа ғылым саласы – "ге­лиоэнергетика” пайда болды. Бү­гін­гі таңда бұл саладағы жетіс­тік­тер өте көп.

Қазақстан су, жел, күн энер­гетикасы сияқты электр қуатын өндірудегі балама қуат көздеріне бай елдердің бірінен саналады. Алайда, осы уақытқа дейін іші­на­ра гидроэнергия қуатын пайда­ланудан басқа, елімізде бұл бай балама қуат көздері іске қо­сыл­ған жоқ. Оның басты бір себебі, еліміздің жер қойнауына энергетикалық шикізат көздерінің мол шоғырланғаны болып отыр­ған­дығын да жасыруға болмайды.

 

Динара НҰРМАНОВА,

И.Әбдікәрімов атындағы

аграрлық-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы.


ҚОҒАМ 06 қараша 2014 г. 5 162 0