« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлуді, олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуі тиіс, бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» деп атап көрсетті.
Осы Жолдауды басшылыққа алған және ел болашағын оңалтуды ойлаған облыстық балаларды оңалту орталығының жұмыс істегеніне он жылға аяқ басты. Қазір мұнда 50 бала тәрбиеленуде. Жалпы биылғы оқу жылына 139 бала тартылған. Орталық өз жұмысын ҚР Білім және ғылым министрлігінің өткен жылғы 22 ақпандағы бұйрығымен бекітілген «Арнайы жалпы білім беру ұйымдары қызметінің типтік Ережелері» және Қызылорда облысының қаржы басқармасының биылғы жылғы 29 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген «Облыстық білім басқармасының «Облыстық балалар оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі» негізінде жүргізеді. Мемлекеттік қызмет даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен ұсынылады. Орталықта қызмет беруші мен қызмет алушы арасында екі тараптық келісім шарт толтырылады. Орталық қызметі ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) жолдамасы негізінде жүзеге асады. Қызмет алушылардың орталыққа деген сенімінің арқасында 2005 жылдан бергі уақытта 13 баланың денсаулығы түзетіліп, жалпы білім беру ұйымдарына жіберілді.
Қызмет алушы қызмет берушінің орта білім алудағы және ақыл-ойы кешеуілдеген балаларға арналған арнайы бағдарламаларының негізінде берілетін білім талаптарын орындайды. Орталық қызметкерлері емделушіге орта білім алуға қажетті жағдай жасайды. Білім беру үрдісі жалпы білім беру мектептерінің типтік оқыту жоспарларының негізінде жүзеге асады. Бұл білімді қамтамасыз етуді педагогика саласында жоғарғы кәсіби білімі бар мамандар және арнайы мектептің бағытына сәйкес қайта даярлықтан өткен ұстаздар жүзеге асыруда. Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдауды оңалту орталықтарының штаттарына кіретін психолог, логопед, арнайы педагогтар (сурдопедагог, тифлопедагог, олигофренопедагог) жүргізіп келеді. Орталықта медициналық көмек көрсету, қызмет алушылардың денсаулығын нығайту және қорғауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолға алынған. Еңбекке баулуды ұйымдастыру үшін шеберханалар тәрбиеленушілердің бұзылыстарын жоюға мүмкіндік беретін және жарақаттың алдын алуға қажетті жабдықтармен, арнайы бейімделген құралдармен қамтамасыз етілген.
Типтік ережеге сәйкес оқу мазмұны орталықта түзету көмегін алатын баланың мүмкіндіктері мен мұқтаждығын ескере отырып дайындалған жеке дамыту бағдарламасы бойынша белгіленеді деп көрсетілген. Жеке даму бағдарламалары жасалып, орталықтың педагогикалық кеңесінің шешімімен бекітілген. Орталықтың басты міндеті – дамуында кемшіліктері бар балалардың алдағы уақытта бейімделіп оңалуы, олардың ата-аналарына көп салалы көмек беру болып табылады. Түзете-дамыту жұмысы үш бағыт бойынша іске асырылады: педагогикалық-психологиялық оңалту, медициналық-сауықтыра оңалту, әлеуметтік-педагогикалық кеңес. 2005-2014 жылдар аралығында орталық 1543 балаға түзете-дамыту көмегін көрсетті.
Балалардың жалпы таным қабілетін дамытуға арнайы жұмыстар мен үлгі сабақтар жүргізіледі. Логопед, дефектолог мамандары сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдер қолдана отырып, балалармен жеке даму жұмыстарын жүргізеді. Мұнда негізінен педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жауынбай Қараевтың «Деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын» және итальяндық педагог М.Монтессоридің әдістерін қолданады. Орталықта соңғы технологиямен жабдықталған логопедиялық тренажер Дельфа-142 компьютері, құрғақ шарикті бассейн, швед қабырғасы, ойын лабиринті, сенсорлық жол және мамандар бөлмесі қарастырылған.
Балаларды оңалту үшін тәрбиелік іс-шаралар, тәрбие сағаттары, денсаулық апталықтары, тренинг сабақтар, ертеңгіліктер, қуыршақ театры, ертегі, еңбек, құм терапиялары, дөңгелек үстел, қайырымдылық акциялары өткізіліп келеді. Емделушілердің психикалық және физиологиялық дамуындағы ерекшеліктері ескеріле отырып, арнайы дамыту бағдарламасы жасалынған. Орталықта мүмкіндігі шектеулі балалардың жас ерекшеліктері мен даму ерекшеліктеріне байланысты топтар құрылып, бағдарлама бойынша деңгейлік жұмыстар жүргізіледі. Мәселен, өткен оқу жылында тіл және тіл мәдениеті сабағы, сенсорлық тәжірибелер аймағы, әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау аймағы, ұсақ моторика ұлттық салт-дәстүр сабақтары, үйірме жұмыстары жүргізіліп, 155 мүмкіндігі шектеулі бала оңалту жұмыстары мен әлеуметтік көмек алған.
Орталық облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі іс-шараларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, өз тәжірибелерін бөлісіп отыр. Оның дәлелі ретінде «Арнайы білім беру үрдісін дамыту: мәселелері мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары жинағына орталық директорының орынбасары Сәлима Шаймерденованың «Кем ақыл балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы жеке бағдарлама үлгісі» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. Биылғы жылдың сәуір айында орталықта «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік, педагогикалық-психологиялық қолдау көрсете отырып, тиімді технологиямен жұмыс жасау жолдары» атты облыстық семинар өткізіліп, орталық мамандарының іс-тәжірибелері облыстық «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналға жарияланды. Мұның өзі елдің ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне мемлекет тарапынан ерекше мән беріліп отырғанын айғақтайды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |